13.05.2025, 13:37 74441
"Астана LRT"-ның бұрынңы басшысы Түркияда ұсталды
Достарға айту
Астана LRT"-ның бұрынңы басшысы Түркияда ұсталды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ҰҚК баспасөз қызметінен.
2019 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Түркияның Әділет министрлігіне халықаралық іздеуде жүрген "Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы, Қазақстан азаматы Талғат Арданды ұстап беру туралы сұрау жіберген болатын.
Осыған байланысты Түркия Республикасының құзырлы органдары тиісті іздестіру шараларын жүргізген.
Биылғы жылы ҰҚК оның нақты болған жерін анықтады, содан кейін Түркияның құқық қорғау органдары Анталья қаласында ұстады.
А.ж. 9 мамырында Анталья қаласының соты Т.Арданды Қазақстанға депортациялау туралы шешім қабылдады және ол қазіргі уақытта қамауда.
Қазақстанның құзыретті органдары аталған адамды Қазақстанға қайтару бойынша құқықтық рәсімдерді бастады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астана қаласының соты Т.Арданды Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі және 361-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, сырттай 9 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
16.06.2025, 16:49 6246
Маңғыстаудағы қаржы пирамидасын құрушылар 6 жылға бас бостандығынан айырылды
Достарға айту
Ақтау қаласы сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 217-бабының 3-бөлігінің 2) тармағы бойынша қаржы пирамидасын құрғаны үшін екі азамат 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Маңғыстау облысында аталған тұлғалар өздері ашқан кооперативтің есепшотына ақшалай салым салу арқылы басқа азаматтармен кезек тәртібімен тұрғын үй немесе автокөлік сатып алу мүмкіндігі туралы жарнама таратқан.
Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде облыстың 31 тұрғыны жалпы сомасы 89 млн теңге мүліктік залалға ұшырады.
Айта кетейік, бұған дейін де осы тектес қылмысы үшін сотталушылардың бірі Қызылорда қаласының сотымен сотталған болатын.
Басқа да осыған ұқсас жағдайлардағыдай қылмыстық схема кооперативтің жаңа мүшелерінің ақшалай салымдарын тарту арқылы жұмыс істеді.
Басқа азаматтармен бірлескен ақшалай салымдар арқылы өте жоғары табыс, бонустар немесе пайызсыз мүлікті сатып алу туралы кез келген уәде қаржылық пирамиданың айқын белгісі екенін түсіну маңызды.
Маңғыстау облысының прокуратурасы азаматтарды - өздерінің қаржылық жинақтарын басқаруда ұқыптылық танытуға тағы да шақырады!
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.06.2025, 15:23 47011
Браконьерлікпен айналысқан қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды
Достарға айту
Түркістан облысының табиғат қорғау прокуратурасының бастамасымен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Полиция департаментімен Сырдария өзені мен Шардара су қоймасында балықты аса ірі көлемде заңсыз аулаумен айналысқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленіп, тоқтатылды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
16 адам ұсталды, олардың қатарында осындай қылмыстар үшін бұрын сотталғандар да бар.
Қылмыстық топтың құрамында тікелей браконьерлер, заңсыз ауланған балықты тасымалдау және сату ісімен айналысқан логистер, сондай-ақ бұл қылмыстық әрекетті үйлестіріп отырған ұйымдастырушы болған.
Барлығы 12 тінту шарасы жүргізіліп, нәтижесінде бір тоннадан астам заңсыз ауланған балық, 12 қайық пен олардың қозғалтқыштары, 2 мың метрден астам балық аулау торы және басқа да браконьерлікке арналған құрал-жабдықтар табылып, тәркіленді.
Алдын ала келтірілген залал көлемі 10 млн теңгеден асты.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.06.2025, 13:22 47746
Медицина қызметкерлеріне күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Достарға айту
Медицина қызметкерлеріне күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Polisia.kz баспасөз қызметінен.
Оқиға 12 маусым күні Қарағанды облыстық балалар ауруханасында орын алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, 38 жастағы облыс тұрғыны сөзге келіспеушілік барысында екі дәрігерге дене жарақатын салған.
Күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүзеге асырылуда.
Заң мен тәртіп" қағидатын жүзеге асыру аясында заңсыз әрекеттер үшін жазаның бұлтартпастығы қатаң түрде қамтамасыз етіледі. Әсіресе медицина қызметкерлеріне қатысты күш қолдану әрекеті - қоғамдық тәртіптің өрескел бұзылуы ретінде бағаланып, жол берілмейтін жағдай болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.06.2025, 10:05 48051
Алматы облысында ірі көлемде есірткі тасымалдаған курьер ұсталды
Достарға айту
Алматы облысында ірі көлемдегі есірткі тасымалдаған курьер ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысында "Қарасора-2025" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер аса ірі көлемдегі психотроптық заттарды тасымалдаған курьерді ұстады.
Ішкі істер министрлігінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті мен облыстық басқарма қызметкерлері Талғар ауданында Volkswagen Jetta көлігін тоқтатып, 33 жастағы Алматы қаласының тұрғынын ұстады. Көлік салонын тексеру кезінде алдыңғы орындықтың астынан ерекше иісі бар сөмке табылды.
Күдіктінің тұрғылықты мекенжайында жүргізілген тінту барысында ақ түсті ұнтақ зат салынған орам, түрлі-түсті таблеткалар, электронды таразылар, орау материалдары мен магниттер тәркіленді.
Сараптама нәтижесінде бұл заттардың 200 грамнан астам 3-хлорметкатинон және 180 грамнан астам метилендиоксиметамфетамин (экстази) екені анықталды.
Тергеу барысында күдіктінің осы жылдың ақпан айынан бастап интернет-дүкеннің есірткі курьері болып жұмыс істегені, төлемді криптовалюта арқылы алғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Есірткі жеткізу арналары мен қылмыстық сызбаның басқа қатысушыларын анықтауға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.06.2025, 15:49 60211
Алматыда TikTok-та онлайн-құмар ойындарын ұйымдастырғандар сотталды
Достарға айту
ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті TikTok әлеуметтік желісі арқылы онлайн-құмар ойындарды ұйымдастырған екі тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін аяқтады, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.
Тергеу барысында күдіктілердің тұрақты түрде тікелей эфир өткізіп, құмар ойын ұйымдастырғаны анықталды.
Азаматтар ойынға қатысу үшін ақша қаражатын банктік қосымшалар арқылы ұйымдастырушылардың шоттарына аударып отырған. Жиналған заңсыз табыс көлемі 10,5 миллион теңгені құрады.
Сот үкімімен екеуі де заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Біріне 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, екіншісі 2 жыл 6 айға бостандығын шектеу түріндегі жазаға тартылды.
Айта кету керек, TikTok-тағы ойындардың негізгі аудиториясын жастар құраған.
Бұл - интернет кеңістігінде белсенді жастардың құмар ойындарына тартылу қаупін арттырып, зиянды әдеттерге, тәуелділікке және қаржылық қиындықтарға әкелуі мүмкін қауіпті әлеуметтік үрдіс.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.06.2025, 14:56 59991
30-дан астам ата-ананы балабақшаға орын алып беремін деп алдаған
Достарға айту
Жергілікті тұрғын баласын балабақшаға орналастыруға үміттенген ондаған ата-ананы алдап, олардың ақшасын иемденген, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Ол өз құрбандарын 2ГИС мобильді қосымшасындағы "Пікірлер" бөлімінен тапқан, онда ата-аналар балаларын мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдауға көмектесу туралы өтініштерін қалдырған. Осындай хабарламаларды көріп, ол ата-аналармен байланысқа шығып, өзін "делдал" ретінде таныстырып, сыйақы үшін "Indigo24.kz" жүйесі арқылы балабақшаға орналастыруға көмектесетінін айтқан.
Қаражатты алған соң, жасырынған.
30-дан астам алаяқтық фактісі анықталып, келтірілген жалпы шығын 1 млн теңгеден асқаны белгілі болды.
Мемлекеттік айыптаушы оның кінәсін толық дәлелдеді.
Сотта әйел өз кінәсін мойындап, өкінетінін білдірді және жәбірленушілерге келтірілген шығындарды жартылай қайтарды, қалған шығын одан өндірілді. Жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, сот оған 4 жыл мерзімге пробациялық бақылаумен бостандықты шектеу жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енді.
Прокуратура - жеке деректерді ашық дереккөздерде, әсіресе пікірлерде жариялау айтарлықтай қауіп тудыру мүмкіндігі жөнінде ескертеді. Мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі бейтаныс адамдардың ұсыныстарына сенбеңіздер.
Барлық мемлекеттік қызметтер, соның ішінде балабақшаға кезекке тұру - тек ресми цифрлық платформалар арқылы жүзеге асырылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.06.2025, 10:40 60651
Алматыда екі есірткі зертханасы жойылды
Достарға айту
2025 жылғы мамырда Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен 2 есірткі зертханасы мен прекурсорлары бар ірі қойманы жойды, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметінен.
Есірткі заттарын дайындау кезінде ҚР 3 азаматы ұсталды, оларға қатысты сот санкциясымен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
15 кг-дан астам "мефедрон" психотропты заты мен 650 литр прекурсор, сондай-ақ есірткі заттарын дайындауға арналған зертханалық жабдық анықталып, тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.06.2025, 13:53 79991
Интернет-алаяқтар азаматтарды 250 млн теңгеге алдады: куратор мен дропперлер ұсталды
Достарға айту
Алматы облысында полицейлері шамамен 250 млн теңге көлемінде залал келтірген ауқымды интернет-алаяқтық схемасын әшкереледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде облыстық киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында әрекет еткен қылмыстық топтың күдікті ұйымдастырушысы мен үш сыбайлас дропперді ұстады.
Ұйымдастырушы небәрі 19 жаста, Алматы облысының тұрғыны. Тергеу мәліметінше, ол қылмыстық схемаға 2023 жылдың қазан айынан бері қатысқан. Алдымен қарапайым дроп ретінде бастаса, 2024 жылдың маусымынан бастап дропперлерді басқаруға көшкен. 2025 жылдың қаңтарынан бастап куратор ретінде әрекет етіп, үш дропперді басқарып келген", - деп хабарлады полицияда.
Ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін қаскөйлер 50-ден астам жалған тұлғаға рәсімделген банктік қосымшалары бар 30-дан астам мобильді құрылғыны пайдаланған. Сондай-ақ ноутбук, Ресей байланыс операторларына тиесілі 11 SIM-карта және шетелдік қаржы ұйымдарының банктік карталары тәркіленді.
Алдын ала есептеулер бойынша, куратор қылмыстық әрекет барысында шамамен 10 миллион теңге табыс тапқан, ал оның сыбайластарының әрқайсысы - 3 миллион теңгеден. 2025 жылдың қаңтарында қарапайым дроп ретінде жұмысын бастаған дропперлердің бірі кейін куратордың сенімді көмекшісіне айналған.
Ол тек ақшаны шешіп қана қоймай, банк есепшоттары бұғатталған жағдайда басқа дроптарды банктерге ертіп барған. Қылмыстық схемаға қатысы бар барлық тұлға ұсталып, Алматы облыстық полиция департаментіне жеткізілді. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.
Барлық қатысушы мен олардың әрекеттері нақты анықталғаннан кейін банктерге алаяқтық эпизодтарын тіркеу және келтірілген залал сомасын дәл анықтау үшін санкцияланған сұраулар жолданатын болады", - деп қорытындылады тәртіп сақшылары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
17.06.2025, 10:25Министрлік қазақстандықтардың жеке деректерінің таралуы туралы ақпаратқа түсініктеме берді 17.06.2025, 10:29 6411Қазақстан мен Қытай сейсмикалық қауіпсіздік орталығын құрады17.06.2025, 10:35 6031Алматы қаласында SIM KIDS жобасы ресми түрде іске қосылды17.06.2025, 10:32 1001Қазақстанда алғаш рет студенттер арасында қолдан жасалған көліктер жарысы өтті
13.06.2025, 15:21 123496Ақмола облысы прокуратурасымен 1 топтағы мүгедектің құқықтары қорғалды13.06.2025, 15:35 1233262025 жылдың басынан бері 36 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды12.06.2025, 19:43 117941Алматы қаласының прокуратурасымен таулы аймақтағы жерлер қайтарылды13.06.2025, 15:16 114661Тоқаев: медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және олардың мәртебесін көтеру - мемлекеттің басты міндеттерінің бірі13.06.2025, 15:13 109606Қазақстан жолдарында автожолдар сапасы мен көліктердің шамадан тыс жүктелуін бақылау үшін 220 автожүйе орнатылады
21.05.2025, 12:03 149461Алматыда 4 мыңға жуық мопед жүргізушісі жауапқа тартылды23.05.2025, 16:58 141031ҚТЖ балаларды пойызда тасымалдау ережелерін еске салды05.06.2025, 17:14 132321Қазақстан Бахрейнге әуе қатынасы ашты05.06.2025, 17:53 132021Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы 37,3 млрд АҚШ долларына жетті03.06.2025, 14:47 131766Мемлекет басшысына әлеуметтік даму, еңбек қатынастары салаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды