26.03.2024, 16:20 31806
Астанада ірі көлемде кокаин тәркіленді
Сурет: polisia.kz
Достарға айту
Елордада полиция қызметкерлері ер адамнан ірі көлемде кокаин тәркіледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Петров көшесінің бойында Haval автокөлігінің жүргізушісін ұстады, тінту барысында оның күртесінің қалтасынан ішінде ұнтақ тәрізді заты бар полиэтиленді 30 орама табылып, тәркіленді.
Көлікті тексеру кезінде тәртіп сақшылары осындай тағы 76 ораманы тапты. 33 жастағы ер адам интернет-дүкенде есірткіні орап, жинап және таратумен айналысқанын мойындады. Күдіктінің тұрғылықты жерінде қоқыс контейнерінің жанынан есірткі заттарын жасырған орын анықталды. Үлкен сөмкенің ішінен таразылар, ZipLock қалташалары, жабысқақ таспа мен есірткі табылды.
Сараптама нәтижелеріне сәйкес тәркіленген есірткі салмағы 43,23 грамм кокаин, 600 грамм мефедрон, 100 грамм альфа- PVP екені анықталды.
Аталмыш факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
26.04.2024, 17:13 8666
Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан ұйымдасқан қылмыс топ сотталды
Достарға айту
Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан ұйымдасқан қылмыс топ сотталды, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
2024 жылғы 23 сәуірде ұйымдасқан қылмыс тобы құрамында заңсыз аңшылықпен айналысқандарға қатысты үкім заңды күшіне енді ( ҚК-тің 262-бабы 1,2-бөліктері, 337-баптың 6-бөлігі 1-тармағы).
Сотта бұлтартпас дәлелдер бола тұра, төрт айыпталушы жасаған қылмыстары үшін өз кінәларын мойындамай, жасаған қылмыстарына өкінбеген.
Осыған қарамастан, мемлекеттік айыптаушы Петропавл қаласының 4 тұрғынын облыс орталығының маңында 53 елікті заңсыз атып, мемлекетке 68 миллион теңгеден астам шығын келтіргенін дәлелдеді.
Петропавл қалалық соты прокуратураның пікірімен келісе отырып, барлығын 8 жылдан 11 жылға дейін нақты бас бостандығынан айыруға соттап, олардан келтірілген материалдық шығынды өндіріп алумен үкім шығарды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.04.2024, 13:40 10901
Шымкентте жалған полицейлер ұсталды - ІІМ
Достарға айту
Шымкентте ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері қала тұрғындарына күш қолдану арқылы үлкен көлемдегі қаражатты ашық түрде иемденген үш ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаскүнемдер полиция қызметкерлерінің атын жамылып, тұрақты түрде ақша бопсалаумен айналысып, "қорғауға" аламыз деп, ай сайын төлем талап еткен. Күдіктілердің бірінен полиция қызметкерінің жалған қызметтік куәлігі тәркіленді. Ал екінші күдікті алаяқтық үшін бұрын сотталған болып шықты. Мұндай әрекеттер өз міндеттерін адал атқаратын ішкі істер органдары қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіреді. Сондықтан оларға қатаң түрде тосқауыл қойылатын болады. Күдіктілердің барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау, тонау және билік өкілі атағын өз бетінше иемденіп алу фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір олардың осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Қаскөйлер 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - деді департамент бастығы - ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.04.2024, 13:32 11236
Ақмола облысы аумағында ірі есірткі зертханасы жойылды
Достарға айту
Ақмола облысы аумағында ірі есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасынан.
«Х» азаматы куратордың нұсқауларын басшылыққа ала отырып, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын заңсыз жасау үшін барлық қажетті компоненттер мен жабдықтарды жинап, жасырын зертхананы ұйымдастыруға жеке үй тапты.
Аталған зертханада тінту жүргізу барысында салмағы 33 кг-нан асатын психотроптық заттар, салмағы 31 кг-нан асатын химиялық сұйықтықтар, ыдыстарға оралған құрылғылар, зертханалық аспаптар және психотроптық заттардың аналогтары табылып, тәркіленді.
Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Х» азаматын қылмыстың құралы болып табылатын автокөлік пен жеке үй тәркіленіп, 11 жылға бас бостандығынан айырды.
Осыған байланысты Ақмола облысының прокуратурасы азаматтарды азық-түлік көкнәрінің үлкен көлемде сату фактілері анықталғаны туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.04.2024, 12:13 12166
Ақтөбеде үлескерлерді 2,5 миллиард теңгеге алдап кеткен
Достарға айту
Ақтөбе облысы прокуратурасының үйлестіруімен ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы және 279-бабының 1-бөлігімен (алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру, сондай-ақ құрылыс қызметі саласындағы ережелерді немесе талаптарды бұзу)қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі терге-тексеру аяқталды, деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметінен.
Тергеу барысы облыс прокуроры Х.Дәуешовтің жеке бақылауында болды.
Атап айтқанда, 2019-2023 жылдар аралығында "Safina" тұрғын үй кешенінің басшысы К. және бір серіктестіктің директоры А., Ақтөбе қаласының 12-ші ықшам және "Алтын Орда" аудандарында салынып жатқан көпқабатты үйлерден пәтер береміз деген желеумен үлескерлердің 2,5 млрд. теңге қаражатын иемденген.
Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Ақтөбе қаласының прокуратурасымен екі күдіктіге қатысты қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Ақтөбе қаласының №2 сотына жолданды.
Осыған орай, Ақтөбе облысының прокуратурасы азаматтарға қырағы болуға және алаяқтардың айласына түсіп қалмауға шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.04.2024, 11:58 12501
Шығын - миллиард теңге: Астанада ҰҚТ қатысты үкім шықты
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Достарға айту
Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шетелден әкелінген машиналарды заңсыз тіркеген ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне үкім шығарды.
Сот үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топтың 3 басшылары ҚК-нің 262-бабының 3-бөлігі, 195-бабы 4-бөлігінің 1, 2) тармақтары, 206-бабы 3-бөлігінің 1) тармағы, 385-бабының 2, 3-бөлігімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағандары үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", деп хабарлайды Соттың баспасөз қызметінен.
5 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушылары ҚК-нің 262-бабының 2-бөлігі, 195-бабы 4-бөлігінің 1,2) тармақтары, 206-бабы 3-бөлігінің 1) тармағы, 385-бабының 2, 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысына 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
ҚК-нің 195-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы, 206-бабы 2-бөлінің 2) тармағы, 361-бабының 2-1- бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағандары үшін 3 делдал кінәлі деп танылды және біріншісіне - 2 жыл 6 ай, екіншісіне - 1 жыл, үшіншісіне - 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
14 делдал ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі - 195-бабы 4- бөлігінің 2) тармағы, 28-бабының 5-бөлігі - 206-бабы 2-бөлігінің 2) тармағы, 28-бабының 5-бөлігі - 385-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
4 полиция қызметкері ҚК-нің 195-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы, 206-бабы 2-бөлігінің 2) тармағы, 361-бабының 2-1- бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
3 полиция қызметкері ҚК-нің 195-бабы 4-бөлігінің 2) тармағында, 361-бабының 2-1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағандары үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі - 195-бабының 1-бөлігі, 28-бабының 5-бөлігі - 206-бабы 2-бөлігінң 2) тармағы бойынша ескіру мерзімінің өтуіне байланысты сотталушыларды қылмыстық жауаптылықтан босату туралы қаулы етілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.04.2024, 18:05 20491
Алматы әуежайында есірткіге еліткен ұшқыш ұсталды
Достарға айту
Алматы әуежайында есірткіге масайған Air Astana әуекомпаниясының ұшқышы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың баспасөз қызметінен Air Astana сілтеме жасай отырып.
Air Astana компаниясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, 23 сәуір күні Алматы әуежайында жолаушы ретінде ұшып бара жатқан әуе компанияның ұшқышы есірткіге мас күйінде ұсталды.
Аталған дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ұшқыш жұмыстан шеттетілді.
Әуекомпания қызметкерлердің алкогольді немесе есірткіні пайдалануына қарсы. Компания қауіпсіздікке басымдық береді. Әуекомпания экипаждардың қанында алкоголь немесе есірткі бар-жоғын үнемі тексереді", - деді Air Astana.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.04.2024, 15:26 27641
Алматыда тұрғынның пәтерінен есірткі қоймасы анықталды
Сурет: polisia.kz
Достарға айту
Алматыда тұрғынның пәтерінен есірткі қоймасы анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Оны есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жойды. Әуезов ауданының тұрғындарының бірі өзінің пәтерінде есірткі заты - героинді қолдану үшін үй-жай беріп, есірткі үйін ұйымдастырған. Пәтерді тінту кезінде электронды таразылар, пайдаланылмаған шприцтер, құрамында өсімдік тектес және ұнтақ түріндегі заттары бар байламдар табылып, тәркіленді.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-химиялық сараптама тағайындалды", - деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.04.2024, 14:54 27861
Түркістан облысында полиция 90 млн теңге берешегі бар жүргізушіні ұстады
Достарға айту
Түркістан облысында полиция 90 млн теңге берешегі бар жүргізушіні ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері "Қорғау" бағдарламасының көмегімен өтелмеген қарызы бар Toyota Highlander автокөлігін анықтады.
Жедел басқару орталығынан патрульдік полицейлердің планшетіне трассадағы борышкердің көлігі бойынша сигнал түсті. Тексеру кезінде полицейлер Қызылорданың 46 жастағы тұрғыны сот орындаушының қаулысына сәйкес 90 миллион теңгеге жуық берешегі бар екенін анықтады.
Заң талаптарына сәйкес полицейлер көлікті айыппұл тұрағына қойып, жүргізушіге салынған айыппұлдар мен қарыздарды уақытылы төлеу қажеттігі туралы түсіндірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
24.04.2024, 18:04Тоқаев ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады 24.04.2024, 18:12 98096Бектенов Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді24.04.2024, 18:17 98091Елімізде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде24.04.2024, 10:36 84951Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарларын тағайындады24.04.2024, 16:57 80896Көктемгі дала жұмыстарына қосымша 400 миллиард теңгеге дейін қаражат тартылады
04.04.2024, 16:35 121781Инвестиция тарту жөніндегі кеңес отырысында жобаларды "жасыл дәліз" тетігіне енгізу критерийлері қаралды04.04.2024, 16:30 121486Президент Батыс Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады18.04.2024, 12:51 107966"Семей орманы" резерваты мен Қазақстандағы үш облыс өрт болған жағдайда дайын емес04.04.2024, 16:25 106361Тоқаев су тасқыны туралы: бұл бұрын-соңды болмаған табиғи апат18.04.2024, 16:22 103916Қазақстанда мемлекетке қайтарылған активтердің бір бөлігі су тасқыны салдарын жоюға жіберілді