27.05.2025, 18:24 69481

Астанада төрт қазақстандық кәмелетке толмаған баладан 20 млн теңге бопсалағаны үшін 10 жылға сотталды

Сот үкімімен кәмелетке толмаған баладан ақшаны қорқытып алғаны үшін төрт адам сотталды, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Сотталғандар жәбірленушінің шетелге оқуға баратынын және ата-анасына тиесілі ақша қаражаты бар екенін біліп, сөз байласып, кәмелетке толмаған баладан 20 млн теңге талап еткен.

Психологиялық қысым жасап, атыс қаруын көрсете отырып, олар 4 млн теңге көлемінде соманың бір бөлігін алған.

Топтың екі мүшесі жәбірленушіден тағы 100 мың теңге ақша алу кезінде ұсталған. Артынша қылмысқа қатысушылардың қалғаны құрықталған.

Мемлекеттік айыптаушымен олардың кінәсі толық дәлелденді.

Қылмыскерлердің әрқайсысы 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын толық өтеліп, сонымен қатар сотталғандардан 2 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабына сәйкес қорқытып алу үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, белгілі бір жағдайларда бұл қылмыс үшін жауапкершілік 14 жастан басталады.

Егер бұл қылмысты көрсетілген жастан кіші адам жасаса, Қазақстан Республикасының заңына сәйкес оның әрекеттері үшін ата-анасы немесе заңды өкілдері жауап береді.

Елорда прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға ерекше көңіл бөледі
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны