02.05.2025, 18:20 91646

Атырауда синтетикалық есірткі таратпақ болған жасөспірім ұсталды Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/atyrauda-sintetikalyq-esirtki-taratpaq-bolghan-zhasospirim-ustaldy/

https://polisia.kz/atyrauda-sintetikalyq-esirtki-taratpaq-bolghan-zhasospirim-ustaldy/
Атырауда синтетикалық есірткі таратпақ болған жасөспірім ұсталды

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/atyrauda-sintetikalyq-esirtki-taratpaq-bolghan-zhasospirim-ustaldy/
Атырауда синтетикалық есірткі таратпақ болған жасөспірім ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бағытында жүргізілген жедел іс-шаралар барысында полицейлер 17 жастағы Қызылорда облысының тұрғынын қолға түсірді.

Кәмелетке толмаған жасөспірім қаланың көшелерінің бірінде синтетикалық есірткі заттарын таратып жүрген жерінен ұсталған.

Жеке тінту кезінде тәртіп сақшылары оның жанынан қара түсті изолентаға оралған, әрқайсысы 1 грамм салмаққа жуық 25 бума тауып, тәркіледі.

Сараптама нәтижесінде алынған заттың жалпы салмағы 24,7 граммды құрайтын "Альфа-PVP" синтетикалық есірткі заты екені анықталды.

Қазіргі таңда күдікті соттың қаулысымен тергеу изоляторына қамауға алынды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағына сәйкес (Аса ірі көлемде есірткі заттарын өткізу мақсатында сақтау және тарату) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны