10.06.2025, 10:51 50656

Қазақстанда қаңтар оқиғалары кезінде ұрланған қару тәркіленді

Қазақстанда қаңтар оқиғалары кезінде ұрланған қару тәркіленді
2-6 маусым аралығында елімізде республикалық "Қару" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Нәтижесінде: заңсыз айналымнан 400 қару, сонымен қатар 2,5 мыңнан астам оқ-дәрі және алты жарылғыш зат алынды; 40 қару қоймасы анықталды; қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару және полицияның арнайы жабдықтары тәркіленді, оның ішінде екі Калашников автоматы, төрт тапанша, төрт мылтық, қызметтік бронежилеттер, каскалар мен щиттар бар; азаматтар тарапынан 87 қару өз еркімен тапсырылды.

29 мыңнан астам азаматтық қару тексеріліп, 845 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция қызметкерлері 10 мыңнан астам шаруа қожалықтарын тексеріп, әртүрлі 65 қару тәркіледі", - деді ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны