09.06.2025, 10:44 34976
Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан топ құрықталды
Достарға айту
Ішкі істер министрлігі азаматтардың жеке деректерінің заңсыз таралу арналарына тосқауыл қою бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. ІІМ-нің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, қазақстандықтардың жеке мәліметтерін интернетте заңсыз сатқан қылмыстық топтың жолын кесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақпараттар мемлекеттік базалардан заңсыз алынған және Telegram арқылы таратылған, оның ішінде кейбір коллекторлық компанияларға берілген. 140-тан астам адам, оның ішінде компания иелері мен арна әкімшілері ұсталды. Қазіргі таңда бес күдікті қамауға алынды. Тінту барысында 400-ден астам компьютерлік және басқа да электрондық техника тәркіленді, - деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.
Қылмыстық кодекстің 205-бабы 3-бөлігі (ақпараттық жүйеге заңсыз қол жеткізу), 147-бабы 5-бөлігі (жеке өмірге қол сұғу және жеке деректер туралы заңнаманы бұзу), сондай-ақ 211-бабы 3-бөлігі (шектеулі электрондық ақпараттық ресурстарды заңсыз тарату) бойынша қылмыстық істер қозғалды.
Осы заңсыз әрекетке қатысы бар адамдардың толық шеңбері анықталуда, - деді Жандос Сүйінбай.
Ішкі істер министрлігі азаматтардың цифрлық қауіпсіздігін бұзатын құқыққа қарсы әрекеттердің жолын кесу және жеке деректердің таралуына жол бермеу бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
06.01.2026, 21:26 2671
Қарағанды облысында синтетикалық есірткі өндірісі тоқтатылды: 4 тонна прекурсор тәркіленді
Достарға айту
Ішкі істер министрлігі "Заң мен тәртіп" принципі бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.
4 қаңтар күні Қарағанды облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері 33 жастағы күдіктіні ұстады. Ол жеке үйде синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырған.
Тінту барысында оқиға орнынан 20 келі мефедрон, жарты тоннаға жуық дайын кристалды өнім, конструкторлар мен химиялық реагенттер салынған канистрлер, сондай-ақ есірткі өндірісінде қолданылатын шамамен 4 тонна прекурсор тәркіленді. Осылайша, 1,5 миллион бір реттік дозаның заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді, яғни жүздеген адам құтқарылды.
Есірткі өндірісін ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Ұйымдастырушы өмір бойына бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2026, 17:32 3361
Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Достарға айту
Шымкентте 80 млн теңгеден астам сомаға алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде болған әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық үшін халықаралық іздеуде болған күдіктіні ұстады. Тергеу деректеріне сәйкес, ол шымкенттік тұрғындарға қатысты бірқатар алаяқтық дерегіне қатысы бар. Келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 80 миллион теңгеден асады.
Алаяқтық эпизодтарының бірінде күдікті алтын бұйымдар сатумен айналысатын кәсіпкердің сеніміне кіріп, зергерлік әшекейлерін иемденіп кеткен. Сонымен қатар ол тұрғындардан шетелге арзан бағамен туристік сапарлар ұйымдастырамын деп ақша алып, турларды ұйымдастырмай, қаражатты қайтармаған.
Аталған жайттар бойынша күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған. Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі таңда істің барлық мән-жайын анықтауға және қылмыстық әрекеттердің қосымша эпизодтарын әшкерелеуге бағытталған тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2026, 13:14 5456
ҰҚК Шекара қызметі былтыр 75 млрд теңгеден астам залалдың алдын алды
Сурет: Бейнеден скриншот
Достарға айту
ҰҚК Шекара қызметі 2025 жылы құзыретті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, Қазақстанның мемлекеттік шекарасын қорғау мен күзетуді қамтамасыз ету бағытында кешенді шаралар жүргізді, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен.
Ведомство мәліметінше, шекара кеңістігінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған 52 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылған.
Сонымен қатар тауарлар мен жүктердің мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізілуінің 17 541 фактісінің жолы кесілді. Оның ішінде:
- есірткі заттары - 344 факті (1,5 тоннадан жоғары);
- қару мен оқ-дәрілер - 847 факті;
- діни әдебиеттер - 315 факті;
- жанар-жағармай материалдары - 5 900 факті;
- халық тұтынатын тауарлар - 8 083 факті;
- валюталар - 2 052 факті.
Каспий теңізінің су айдынында 607 браконьерлік фактінің жолын кесті, нәтижесінде:
- жүзу құралдары - 226 бірлік;
- браконьерлік аулау құралдары - 580 км тор;
- бекіре тұқымдас балық түрлері - 2 376 дана;
- қара балық түрлері - 7 193 дана;
- итбалықтар - 24 дана.
Алдын алған залалдың жалпы сомасы 75 млрд теңгеден астамды құрады.
Жыл бойында ҰҚК Шекара қызметі Қазақстанның құқық қорғау органдарымен және шетелдік серіктестерімен өзара іс-қимыл жасап, 48 шекаралық, 2 ведомствоаралық (есірткінің заңсыз айналымы мен заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл) және 5 халықаралық операцияға (ШЫҰ, Шекара әскерлері қолбасшыларының кеңесі, Каспий теңізінің су айдынындағы заңсыз іс-әрекеттерді тоқтату шеңберінде) қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2026, 12:52 5771
БЖЗҚ-дан заңсыз 200 млрд теңге шығарған 42 стоматологиялық клиника тергеліп жатыр
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қаржылық мониторинг агенттігі "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-дан азаматтардың жинақтарын заңсыз шығару деректері бойынша стоматологиялық клиникалардың басшылары мен өзге де адамдарға қатысты тергеп-тексеруді жалғастыруда, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.
Зейнетақы жинақтары стоматологиялық қызметтер көрсету туралы формальды шарттар жасасу және кейіннен жалған медициналық құжаттар ұсыну арқылы шығарылғанын еске саламыз.
Аталған көмек үшін күдіктілер алынған қаражаттың 10%-дан 20%-ға дейінгі мөлшерінде заңсыз сыйақы ұстап отырған.
Қылмыстық схемаға 42 стоматологиялық клиника тартылған. Жалпы сомасы 200 млрд теңгеден астам қаражат шығарылған.
Қылмыстық жолмен алынған табыстарға күдіктілер элиталық жылжымалы және жылжымайтын мүлік сатып алып, сондай-ақ жасыру мақсатында үшінші тұлғалардың атына рәсімдеп, жаңа стоматологиялық клиникалар ашқан.
Он бір күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды, ал үшеуіне қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Сонымен қатар, жүйелі түрде заңсыз сыйақы алу үшін медициналық мекемелердің дәрігерлері дәрігерлік-консультациялық комиссиялардың (ДКК) жалған қорытындыларын берген, күдіктілерден алынған қаражаттың жалпы сомасы 30 млн теңгені құрады.
Аталған фактілер бойынша бірқатар сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.
Бұған дейін хабарланғандай, өз зейнетақы аударымдарын алған азаматтар қылмыстық қудалау аясына түспейді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.01.2026, 18:32 8736
Шымкентте түзеу мекемесінің қызметкерлері азаптау ісінде күдіктелуде
Достарға айту
ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Шымкентте түзеу мекемесінің қызметкерлері азаптау ісі бойынша күдікке ілінгенін мәлімдеді.
Сотталғандарды ұстау жағдайларымен байланысты азаптаулар мен қатыгездікке жол бермеу - Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен оның өкілдері қызметінің басты бағыттарының бірі болып табылады.
Жабық мекемелерге бару және шағымдарды қарау барысында адам құқықтарының ықтимал бұзылу белгілеріне ерекше назар аударылып, тиісті шаралар қабылданады.
Осылайша, Шымкент қаласы бойынша өңірлік өкіл Нұржан Әбдезов сотталғандардың бірін жеке қабылдады.
Оның айтуынша, 2025 жылғы маусым айында мекеме қызметкерлері тарапынан азапталғанын хабарлады.
Сонымен қатар қабылдау барысында тағы бір сотталғанның соққыға жығылып, оның жақ сүйегінің сынғаны анықталды.
Аталған жағдайлар бойынша өңірлік өкіл тарапынан жедел түрде тиісті әрекет ету шаралары қабылданды.
Нәтижесінде медициналық көмекті уақтылы көрсетпегені үшін медицина қызметкерлері жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ мекеме қызметкерлеріне қатысты ҚК-тің 362-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді.
Құқық қорғау институты мекеме қызметкерлерінің әрекеттерінде азаптау белгілерінің болуына байланысты олардың әрекеттерін қайта қарау жөнінде жоғары қадағалау органына жүгінді.
Бас прокуратура аталған ұстанымды қолдап, өткен жылдың соңында сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚК-тің 146-бабының 3-бөлігіне қайта сараланды. Мекеменің үш қызметкері қамауға алынды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.01.2026, 14:22 10241
Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадицияланды
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы аса ірі мөлшерде бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Күдікті 2024-2025 жылдар аралығында Тараз қаласында өзін коммерциялық ұйымның қызметкерімін деп таныстырып, қаражатты инвестициялау арқылы жоғары табысқа уәде беріп, азаматтарды әртүрлі тауарларды көтерме сатып алу және кейіннен сату бойынша бірлескен кәсіппен айналысуға шақырған.
Алайда ол өз міндеттемелерін орындамай, алған ақшасын жымқырып, қажеттілігіне жұмсаған.
Оның қылмыстық әрекеттері нәтижесінде Қазақстанның 6 азаматына жалпы 100 млн теңгеден астам залал келтірілген.
Қылмыс жасағаннан кейін ол жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.
Ағымдағы жылдың тамызында күдікті Ресейде ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.
Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.01.2026, 12:15 10626
Қазақстан киберполициясы 2025 жылы шетелде 7 call-орталықты жойды
Сурет: polisia.kz
Достарға айту
Киберқылмысқа қарсы күрес - Ішкі істер министрлігінің басым бағыттарының бірі. Азаматтарды цифрлық кеңістікте қорғау бойынша полиция бірқатар жұмыс атқарып келеді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Біздің департамент мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы қылмыстың алдын алу бойынша біраз жұмыс атқаруда. Бұрынғы "дәстүрлі" қылмыстар интернет дамыған заманда онлайн-кеңістікке ауысып, олардың жаңа түрлері шығып жатыр. Бұрынғы ұрлықтардың бәрі онлайнға көшіп, қылмыскерлер жаңа айла пайдаланып, азаматтардың ақшаларын ұрлау үшін интернеттің дамыған техникаларын қолдануда. Мұндай қылмыспен күресуді үш бағытта жүргізу қажет. Ол заңнамалық шаралар, екінші - техникалық шаралар, үшінші - профилактикалық шаралар. Осы шараларды бірлесіп атқарған кезде ғана киберқылмысты тоқтатуға болады", - деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.
2025 жылы байланыс операторларымен бірлесіп, 19 миллионнан астам жалған қоңырау бұғатталды. Жалпы жүйе іске қосылған сәттен бастап мұндай 85 миллионнан астам қоңырауға тосқауыл қойылған. Қылмыстық топ құру және басқару фактілері бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды, оның бірі трансұлттық сипатта.
Қазіргі уақытта қабылданған техникалық шаралардың нәтижесінде 100 мыңнан астам sim-карта тәркіленді. Қылмыскерлерден 88 sim-box алынды. Азаматтардың құқықтық, компьютерлік және қаржылық сауаттылығын көтеру басты назарда. Халыққа қылмыстардың жаңа түрлері және олардан қорғану әдістері туралы айтып жатырмыз", - деді спикер.
Өткен жылы тәртіп сақшылары шетелде 7 call-орталыққа тосқауыл қойды. Одан бөлек Қазақстан аумағында 6 call-орталық жойылды.
Алаяқтықтың түрі жетерлік. Олардың арбауына түсіп қалмау үшін полиция қарапайым ережелерді ұстануды ұсынады.
Кибергигиена ұстанған адам мұндай қылмысқа ұрынбайды. Жалған сілтемелерден өтпеу керек. Банк карталарын үшінші тұлғаларға бермеу керек. Жеке деректерді ешкімге айтпау қажет", - деді Жандос Сүйінбай.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.12.2025, 10:28 14901
ҚМА "АрселорМитталТеміртау" активтерінің ұрлануын тергеп жатыр
Сурет: gov.kz
Достарға айту
БАҚ-тан келіп түскен сұрауларға жауап ретінде хабарлаймыз: Қаржылық мониторинг агенттігі ("Qarmet" құқықтық мирасқоры болып табылатын) "АрселорМитталТеміртау" АҚ мүлкін жымқыру фактісі бойынша "АлбаСтройДор" ЖШС-нің директоры С.Г.Кимге қатысты тергеу жүргізуде, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.
2015 жылы "АрселорМиттал Темиртау" АҚ мен "АлбаСтройДор" ЖШС арасында қайта өңдеу қалдықтарына билік ету құқығынсыз домна шлагын қайта өңдеу туралы шарт жасалған.
Алайда С.Г.Ким өндірістік нысандарға еркін қолжетімділігін пайдалана отырып, зауыт аумағынан домна қоспасы мен кесек шойынды жымқыру схемасын ұйымдастырған.
Ұрланған мүлікті кедергісіз шығару мақсатында қылмыстық схемаға өзара байланысты күзет ұйымы - "Күзет" ЖШС тартылған, оның қызметкерлері автокөліктердің іс жүзінде бақылаусыз өтуін қамтамасыз еткен.
Ұрланған мүлікті С.Н.Ким өз бақылауындағы "ГлобалСпецТорг" ЖШС және "ЦентрОптСнаб" ЖШС арқылы заңдастырған.
Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеден асатын 31 мың тоннадан астам өнім ұрланған.
Күдікті Ким 2 ай мерзімге қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
06.01.2026, 15:00Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа мемлекеттік жүйелерді әзірлеу QazTech бірыңғай платформасында жүргізілетін болады 06.01.2026, 15:25 18286"Самұрық-Қазына" АҚ бірыңғай корпоративтік ЖИ экожүйесін дамытуда06.01.2026, 16:21 18046ЖИ Қазақстандағы жұмыс күшінің өнімділігін 70% арттыра алады - зерттеу06.01.2026, 11:11 14816Мемлекет басшысы Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс кеңесін өткізді06.01.2026, 14:40 14501Қазақстандағы Цифрландыру және ЖИ жылы: Үкіметте экономиканың барлық саласына технологияларды енгізу мәселесі қаралды
31.12.2025, 17:05 128656Мемлекет басшысының атына Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары келіп жатыр31.12.2025, 12:02 128051Президент ЕАЭО-ға мүше мемлекет басшыларына Үндеу жасады31.12.2025, 09:19 125361Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде 2025 жылды қорытындылады31.12.2025, 13:33 108981Қала үшін негізгі шешімдер: Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясының қорытындысы01.01.2026, 12:23 977812026 жылғы базалық зейнетақы мөлшері айқындалды
17.12.2025, 17:47 232091Ташкентте қазақ киносының күндері өтті17.12.2025, 15:52 227606Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті15.12.2025, 23:30 225891Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 23:10 222896Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 22:01 213886Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді

