28.05.2025, 11:07 66926

"Қазселденқорғау" ММ облыстық филиалының басшысы сотталды

"Қазселденқорғау" ММ облыстық филиалының басшысы сотталды

Төтенше жағдайлар министрлігінің Қазселденқорғау" ММ облыстық филиалының басшысы сотталды, деп хабарлайды Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.


Шығыс Қазақстан облысында Өскемен қаласының № 2 сотымен "Төтенше жағдайлар министрлігінің Қазселденқорғау" ММ облыстық филиалының басшысы С. Станбековке қатысты үкім жарияланды.

Ол қала тұрғынын филиалға жалған жұмысқа орналастыру арқылы 2,7 млн теңге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны