26.05.2025, 11:47 47866

"Бөкейорда" резерватның бас директоры жемқорлықпен күдікке ілінді

"Бөкейорда" резерватның бас директоры жемқорлықпен күдікке ілінді
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Бөкейорда" мемлекеттік табиғи резерваты РММ бас директоры жемқорлықпен күдікке ілінді, деп хабарлайды Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен "Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Бөкейорда" мемлекеттік табиғи резерваты" РММ-нің бас директорына қатысты қылмыстық іс тергелуде.

Ол резерватта шын мәнінде еңбек қызметін атқармаған тұлғаға жалақыны заңсыз есептеу арқылы ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.

Қазіргі уақытта оның басқа қылмыстарға қатысы тексерілуде.

Тергеу жалғасуда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны