18.03.2024, 11:29 43331

БАӘ де Kazakhstan Kagazy компаниясының бұрынғы бас директоры ұсталды

БАӘ де Kazakhstan Kagazy компаниясының бұрынғы бас директоры ұсталды
Сурет: Depositphotos
Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген адам БАӘ-де ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында Қазақстан ІІМ Интерпол ұлттық бюросының сұрауы бойынша Kazakhstan Kagazy компаниясының бұрынғы бас директоры Мақсат Әріп ұсталды.

Ол аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаментімен іздеуге жарияланған болатын.

Мақсат Әріп Kazakhstan Kagazy компаниясын 2003 жылдан 2008 жылға дейін басқарды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны