12.05.2025, 14:36 43211
Екі адамды өлтіру дерегі бойынша қылмыстық тергеу аяқталды
Достарға айту
Екі адамды өлтіру дерегі бойынша қылмыстық тергеу аяқталды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Заң және Тәртіп" идеологиясын жүзеге асыру аясында облыс прокуратурасымен Ақтөбе қаласының жер үйлерінің бірінде адамды бостандығынан заңсыз айыру және екі адамды өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.
Тергеу барысында күдікті өз танысымен жанжалдасып, кейін үйіне заңсыз кіріп, оның анасын және өгей әкесін өлтіргені, ал жәбірленушіні бостандығынан заңсыз айырып ұстағаны анықталды.
Арлан" арнайы бөлімшесінің жедел әрекеттерінің нәтижесінде жәбірленуші босатылып, күдікті оқиға орнында ұсталды.
Облыс прокуратурасымен іс ерекше бақылауға алынып, процестік прокурорлар тобы тағайындалды.
Күдіктіге ҚК-тің 99-бабының 2-бөлігінің 1,3,5 тармақтары (екi немесе одан көп адамды өлтіру), 126-бабының 2-бөлігінің 3,4 тармақтары (өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдану арқылы заңсыз бостандығынан айыру) және 107-бабының 1-бөлігі (денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру), яғни екі немесе одан көп адамды аса қатыгездікпен өлтіру, сондай-ақ күш қолдану арқылы бостандығынан заңсыз айыру баптары бойынша айып тағылды.
Сотта мемлекеттік айыптауды процестік прокурор қолдайтын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
13.06.2025, 15:23 33376
Браконьерлікпен айналысқан қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды
Достарға айту
Түркістан облысының табиғат қорғау прокуратурасының бастамасымен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Полиция департаментімен Сырдария өзені мен Шардара су қоймасында балықты аса ірі көлемде заңсыз аулаумен айналысқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленіп, тоқтатылды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
16 адам ұсталды, олардың қатарында осындай қылмыстар үшін бұрын сотталғандар да бар.
Қылмыстық топтың құрамында тікелей браконьерлер, заңсыз ауланған балықты тасымалдау және сату ісімен айналысқан логистер, сондай-ақ бұл қылмыстық әрекетті үйлестіріп отырған ұйымдастырушы болған.
Барлығы 12 тінту шарасы жүргізіліп, нәтижесінде бір тоннадан астам заңсыз ауланған балық, 12 қайық пен олардың қозғалтқыштары, 2 мың метрден астам балық аулау торы және басқа да браконьерлікке арналған құрал-жабдықтар табылып, тәркіленді.
Алдын ала келтірілген залал көлемі 10 млн теңгеден асты.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.06.2025, 13:22 34111
Медицина қызметкерлеріне күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Достарға айту
Медицина қызметкерлеріне күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Polisia.kz баспасөз қызметінен.
Оқиға 12 маусым күні Қарағанды облыстық балалар ауруханасында орын алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, 38 жастағы облыс тұрғыны сөзге келіспеушілік барысында екі дәрігерге дене жарақатын салған.
Күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүзеге асырылуда.
Заң мен тәртіп" қағидатын жүзеге асыру аясында заңсыз әрекеттер үшін жазаның бұлтартпастығы қатаң түрде қамтамасыз етіледі. Әсіресе медицина қызметкерлеріне қатысты күш қолдану әрекеті - қоғамдық тәртіптің өрескел бұзылуы ретінде бағаланып, жол берілмейтін жағдай болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.06.2025, 10:05 34416
Алматы облысында ірі көлемде есірткі тасымалдаған курьер ұсталды
Достарға айту
Алматы облысында ірі көлемдегі есірткі тасымалдаған курьер ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысында "Қарасора-2025" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер аса ірі көлемдегі психотроптық заттарды тасымалдаған курьерді ұстады.
Ішкі істер министрлігінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті мен облыстық басқарма қызметкерлері Талғар ауданында Volkswagen Jetta көлігін тоқтатып, 33 жастағы Алматы қаласының тұрғынын ұстады. Көлік салонын тексеру кезінде алдыңғы орындықтың астынан ерекше иісі бар сөмке табылды.
Күдіктінің тұрғылықты мекенжайында жүргізілген тінту барысында ақ түсті ұнтақ зат салынған орам, түрлі-түсті таблеткалар, электронды таразылар, орау материалдары мен магниттер тәркіленді.
Сараптама нәтижесінде бұл заттардың 200 грамнан астам 3-хлорметкатинон және 180 грамнан астам метилендиоксиметамфетамин (экстази) екені анықталды.
Тергеу барысында күдіктінің осы жылдың ақпан айынан бастап интернет-дүкеннің есірткі курьері болып жұмыс істегені, төлемді криптовалюта арқылы алғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Есірткі жеткізу арналары мен қылмыстық сызбаның басқа қатысушыларын анықтауға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.06.2025, 15:49 46576
Алматыда TikTok-та онлайн-құмар ойындарын ұйымдастырғандар сотталды
Достарға айту
ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті TikTok әлеуметтік желісі арқылы онлайн-құмар ойындарды ұйымдастырған екі тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін аяқтады, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.
Тергеу барысында күдіктілердің тұрақты түрде тікелей эфир өткізіп, құмар ойын ұйымдастырғаны анықталды.
Азаматтар ойынға қатысу үшін ақша қаражатын банктік қосымшалар арқылы ұйымдастырушылардың шоттарына аударып отырған. Жиналған заңсыз табыс көлемі 10,5 миллион теңгені құрады.
Сот үкімімен екеуі де заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Біріне 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, екіншісі 2 жыл 6 айға бостандығын шектеу түріндегі жазаға тартылды.
Айта кету керек, TikTok-тағы ойындардың негізгі аудиториясын жастар құраған.
Бұл - интернет кеңістігінде белсенді жастардың құмар ойындарына тартылу қаупін арттырып, зиянды әдеттерге, тәуелділікке және қаржылық қиындықтарға әкелуі мүмкін қауіпті әлеуметтік үрдіс.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.06.2025, 14:56 46356
30-дан астам ата-ананы балабақшаға орын алып беремін деп алдаған
Достарға айту
Жергілікті тұрғын баласын балабақшаға орналастыруға үміттенген ондаған ата-ананы алдап, олардың ақшасын иемденген, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Ол өз құрбандарын 2ГИС мобильді қосымшасындағы "Пікірлер" бөлімінен тапқан, онда ата-аналар балаларын мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдауға көмектесу туралы өтініштерін қалдырған. Осындай хабарламаларды көріп, ол ата-аналармен байланысқа шығып, өзін "делдал" ретінде таныстырып, сыйақы үшін "Indigo24.kz" жүйесі арқылы балабақшаға орналастыруға көмектесетінін айтқан.
Қаражатты алған соң, жасырынған.
30-дан астам алаяқтық фактісі анықталып, келтірілген жалпы шығын 1 млн теңгеден асқаны белгілі болды.
Мемлекеттік айыптаушы оның кінәсін толық дәлелдеді.
Сотта әйел өз кінәсін мойындап, өкінетінін білдірді және жәбірленушілерге келтірілген шығындарды жартылай қайтарды, қалған шығын одан өндірілді. Жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, сот оған 4 жыл мерзімге пробациялық бақылаумен бостандықты шектеу жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енді.
Прокуратура - жеке деректерді ашық дереккөздерде, әсіресе пікірлерде жариялау айтарлықтай қауіп тудыру мүмкіндігі жөнінде ескертеді. Мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі бейтаныс адамдардың ұсыныстарына сенбеңіздер.
Барлық мемлекеттік қызметтер, соның ішінде балабақшаға кезекке тұру - тек ресми цифрлық платформалар арқылы жүзеге асырылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.06.2025, 10:40 47016
Алматыда екі есірткі зертханасы жойылды
Достарға айту
2025 жылғы мамырда Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен 2 есірткі зертханасы мен прекурсорлары бар ірі қойманы жойды, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметінен.
Есірткі заттарын дайындау кезінде ҚР 3 азаматы ұсталды, оларға қатысты сот санкциясымен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
15 кг-дан астам "мефедрон" психотропты заты мен 650 литр прекурсор, сондай-ақ есірткі заттарын дайындауға арналған зертханалық жабдық анықталып, тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.06.2025, 13:53 66356
Интернет-алаяқтар азаматтарды 250 млн теңгеге алдады: куратор мен дропперлер ұсталды
Достарға айту
Алматы облысында полицейлері шамамен 250 млн теңге көлемінде залал келтірген ауқымды интернет-алаяқтық схемасын әшкереледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде облыстық киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында әрекет еткен қылмыстық топтың күдікті ұйымдастырушысы мен үш сыбайлас дропперді ұстады.
Ұйымдастырушы небәрі 19 жаста, Алматы облысының тұрғыны. Тергеу мәліметінше, ол қылмыстық схемаға 2023 жылдың қазан айынан бері қатысқан. Алдымен қарапайым дроп ретінде бастаса, 2024 жылдың маусымынан бастап дропперлерді басқаруға көшкен. 2025 жылдың қаңтарынан бастап куратор ретінде әрекет етіп, үш дропперді басқарып келген", - деп хабарлады полицияда.
Ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін қаскөйлер 50-ден астам жалған тұлғаға рәсімделген банктік қосымшалары бар 30-дан астам мобильді құрылғыны пайдаланған. Сондай-ақ ноутбук, Ресей байланыс операторларына тиесілі 11 SIM-карта және шетелдік қаржы ұйымдарының банктік карталары тәркіленді.
Алдын ала есептеулер бойынша, куратор қылмыстық әрекет барысында шамамен 10 миллион теңге табыс тапқан, ал оның сыбайластарының әрқайсысы - 3 миллион теңгеден. 2025 жылдың қаңтарында қарапайым дроп ретінде жұмысын бастаған дропперлердің бірі кейін куратордың сенімді көмекшісіне айналған.
Ол тек ақшаны шешіп қана қоймай, банк есепшоттары бұғатталған жағдайда басқа дроптарды банктерге ертіп барған. Қылмыстық схемаға қатысы бар барлық тұлға ұсталып, Алматы облыстық полиция департаментіне жеткізілді. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.
Барлық қатысушы мен олардың әрекеттері нақты анықталғаннан кейін банктерге алаяқтық эпизодтарын тіркеу және келтірілген залал сомасын дәл анықтау үшін санкцияланған сұраулар жолданатын болады", - деп қорытындылады тәртіп сақшылары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.06.2025, 13:37 66726
Жамбыл облысында 300-ден астам адамды алдаған тұлғалар тобы анықталды
Достарға айту
Облыс прокуратурасының үйлестіруімен Жамбыл облысы ПД-ның "Cyberpol" ведомствоаралық тобының нәтижелі жұмысының арқасында 2021 жылдан 2025 жылға дейін 300-ден астам интернет-алаяқтық фактілерін жасаған 12 тұлға ұсталды, деп хабарлайды Жамбыл облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Мысалы, Жамбыл облысының тумасы 6 сыбайласымен бірге интернет арқылы несие рәсімдеу жолымен 147 азаматтың жалпы сомасы 101 млн теңге қаражатын иемденген.
Бұл қылмыстық топ үш жыл бойы Тараз қаласындағы жалға алынған кеңседе екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарынан несие рәсімдеумен айналысқан.
Аталған фактімен 10.01.2025 жылы ҚР ҚК-тің 190-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
30.05.2025 жылы қылмыстық іс сотқа жолданды.
Тағы бір мысал - Байзақ ауданында 2025 жылдың қаңтар айынан бастап наурыз айына дейін ерлі-зайыпты жұп "WhatsApp" чаты арқылы нарықтағы бағадан төмен бағада ыдыс-аяқ сатамыз деп жарнама жасап, алаяқтық және сенімді теріс пайдалану мақсатында 200 жәбірленушінің 120 млн теңгеден астам ақшасын иемденген.
04.04.2025 жылы аталған факті бойынша Байзақ аудандық ПБ-мен ҚР ҚК-тің 190-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Күдікті тұлғалар ұсталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс облыстық полиция департаментімен тергелуде және ол прокуратураның бақылауында.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
Прокуратура азаматтарды сақ болуға және банктердің немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде өзін таныстыратын күдікті тұлғаларға сенбеуге, сондай-ақ күмәнді жарнамалар мен инвестициялық жобалардан сақтануға шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
12.06.2025, 19:43Алматы қаласының прокуратурасымен таулы аймақтағы жерлер қайтарылды 13.06.2025, 10:38 87331Елімізде сегіз сала бойынша мамандар даярлау үшін ЖИ қолданатын кәсіби стандарттар әзірленуде13.06.2025, 13:43 86886Қазақстандық авиакомпаниялар Иран мен Израиль арасындағы қақтығыстарға байланысты әуе бағыттарын өзгертуде13.06.2025, 15:01 86001Су саласы қызметкерлерінің жалақысы 50%-ға дейін өседі13.06.2025, 15:13 85721Қазақстан жолдарында автожолдар сапасы мен көліктердің шамадан тыс жүктелуін бақылау үшін 220 автожүйе орнатылады
21.05.2025, 12:03 139511Алматыда 4 мыңға жуық мопед жүргізушісі жауапқа тартылды03.06.2025, 14:47 131461Мемлекет басшысына әлеуметтік даму, еңбек қатынастары салаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды23.05.2025, 16:58 131081ҚТЖ балаларды пойызда тасымалдау ережелерін еске салды05.06.2025, 17:14 130386Қазақстан Бахрейнге әуе қатынасы ашты05.06.2025, 17:53 129791Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы 37,3 млрд АҚШ долларына жетті