18.07.2025, 13:24 66676

Ресейден Қазақстанға 13 мың вейп тасымалдамақ болғандар құрықталды

Ресейден Қазақстанға 13 мың вейп тасымалдамақ болғандар құрықталды
ҚМА Ақтөбе облысы бойынша Департаменті Шекара қызметімен бірлесіп вейптерді заңсыз тасымалдау әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.

Жайсан-автомобиль" шекаралық өткізу пунктінде Ресей Федерациясынан келе жатқан екі жүк көлігі ұсталды.


 Тексеру барысында тыйым салынған өнімдердің ірі партиясы анықталды:

- 13 мың электрондық тұтыну жүйесі (вейп);

- 2 мың дана вейпке арналған сұйықтық;

- 14 мың дана шылымсыз темекі өнімдері.

Аталған факті бойынша екі азаматқа қатысты сот үкімі шығарылды. Олар 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

 Жалпы құны 26 млн теңге құрайтын вейптер тасымалданған көлік құралдары тәркіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны