08.09.2025, 16:46 66951
Есірткі дүкенін құрды деп күдікке ілінгендер шетелде ұсталды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстан Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Черногорияның Бар қаласында халықаралық іздеуде жүрген екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаскөйлер:
- есірткі және психотроптық заттарды сату;
- оларды тұтынуға итермелеу;
- ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болу;
- лауазымды тұлғаға пара беру сынды әрекеттерге барды деп күдікке ілінген.
2024 жылдың басында күдіктілер Telegram мессенджері арқылы интернет-дүкен ашып, есірткі және психотроптық заттарды сатқаны анықталды.
Қылмыстық схема бойынша олар курьерлік жұмысқа қабылдау туралы хабарландырулар арқылы басқаларды тартумен, сондай-ақ барлық заңсыз әрекеттерді үйлестірумен және қаржыландырумен айналысқан.
Қазіргі уақытта күдіктілер Черногория аумағында қамауда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
10.12.2025, 10:45 2451
Павлодарлық кәсіпкерді өлтіргені үшін күдікті Ресейден экстрадицияланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қызметкерлері Павлодарлық кәсіпкерді өлтірді деген күдікпен Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Ағымдағы жылдың 21 ақпанында жәбірленуші жұмысқа кетіп, кейін байланысқа шығуын тоқтатқан, осыған байланысты ол хабар-ошарсыз жоғалған деп танылған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында сол күні кәсіпкердің Павлодарда күдіктімен оның тұрғын үйінің ауласында кездескені анықталды.
Қаржылық келіспеушіліктерге байланысты олардың арасында жанжал туындап, қаскүнем жәбірленушінің кеудесі мен бетіне 22 рет пышақ сұққан. Жәбірленуші сол жерде алған жарақаттарынан көз жұмған.
Қылмыстың ізін жасыру мақсатында күдікті марқұмның денесін және оның автокөлігін гаражына жасырып, кейін Қазақстаннан шығып, шетелге қашып кеткен.
Осы жылдың наурыз айында ол Ресей Федерациясының аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша еліне экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Оған айып тағылған қылмыс бойынша 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.12.2025, 16:32 11261
Алматыда тыйым салынған өсімдіктер өсірілген пәтер анықталды
Сурет: polisia.kz
Достарға айту
Алматыда тыйым салынған өсімдіктер өсірілген пәтер анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Әуезов ауданында "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында көпқабатты тұрғын үй кешенін аралау барысында полиция қызметкерлері зертханаға айналдырылған пәтерді анықтады. Пәтер ішінде өсіруге тыйым салынған, құрамында есірткі заттары бар өсімдіктер табылды. Оқиға орнында қажетті бастапқы процессуалдық шаралар жүргізілді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта кешенді тергеу шаралары жүргізіліп, заңсыз әрекетті ұйымдастыруға қатысы бар тұлғалар мен мән-жайлар анықталуда.
- "Учаске" іс-шарасының мақсаты тек халықпен байланысты нығайту емес, тұрғын үйлердің өзінде жасырын түрде орын алуы мүмкін құқық бұзушылықтарды анықтау. Бұл жағдай жүйелі жұмыстың нақты нәтижесін көрсетеді. Есірткіге қатысты кез келген заңсыз әрекет - қоғам үшін қауіп, сондықтан заң аясында ең қатаң шаралар қабылдауды жалғастырамыз. Аудан тұрғындарын күмәнді жайттарды дер кезінде хабарлап, үйлеріміз бен ауламыздың қауіпсіздігін бірге қамтамасыз етуге шақырамыз, - деп атап өтті Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Мендебаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.12.2025, 12:32 12551
600 млрд теңгелік заңсыз құмар ойын схемасы бойынша тоғыз адам қамауға алынды
Достарға айту
Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз ойын бизнесін тоқтату бойынша белсенді жұмысты жалғастырып келеді. Қабылданған шаралар нәтижесінде трансшекаралық аударымдардың ауқымды схемасы әшкерленді. Онда ақша төлем ұйымдары арқылы өткізіліп, заңды операциялар ретінде жасырынып, онлайн-казиноның пайдасына шығарылған, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.
Қазақстан аумағында онлайн-казино қызметіне толық тыйым салынғанын еске саламыз.
Мұндай платформалар салық төлемейді, клиенттерді сәйкестендірмейді, балалар мен жастарды белсенді түрде тартады, сондай-ақ халықтың моральдық және психикалық денсаулығына елеулі зиян келтіреді.
Схеманы жүзеге асыру үшін финтех-сервистердің иелері букмекерлік кеңселермен жасалған жалған шарттар негізінде алынған "сұр" POS-терминалдар мен Terminal ID қолданған.
Қазіргі уақытта заңсыз операциялардың анықталған көлемі 600 млрд теңгеден асады.
Құқыққа қарсы әрекетке 20-дан астам төлем ұйымы, сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің жекелеген лауазымды тұлғалары тартылған.
Сонымен қатар төрт онлайн-казиноға техникалық қолдау көрсетіп, ақша операциялары бойынша кеңес берген Call-орталықтың қызметі тоқтатылды.
Оның заңсыз жұмысына Қазақстан, Ресей, Беларусь, Испания және Вьетнам азаматтарынан құралған 120 адам тартылған.
Бұдан бөлек, Call-орталық ұйымдастырушылары криптовалюта арқылы қаражат қабылдап, шығаруды жүзеге асырған гемблинг негізіндегі серіктестік бағдарламасын құрған.
Оның айналымы 200 млн USDT-тен асып түсті.
Аталған іс-шараларды жүзеге асыру барысында 70-тен астам тінту жүргізіліп, заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Сот санкциясымен, олардың ішінде "Төлем ұйымдары қауымдастығы" ЗТБ басшысының кеңесшісі бар тоғыз тұлғаға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қазіргі уақытта олардың ішінде шетел азаматтары бар сегіз адамды халықаралық іздеуге жариялау үшін материалдар дайындалуда.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
Агенттік жеке және заңды тұлғаларды заңсыз құмар ойындарды ілгерілетуге қатысуға жол берілмейтіні жөнінде тағы да қатаң ескертеді.
Онлайн-казино қызметі заңды бұзып қана қоймай, лудоманияның таралуына себеп болады.
Осыған байланысты заңсыз құмар ойындарға көмек көрсетуге бағытталған кез келген әрекет қылмыстық қызметті ұйымдастыруға жәрдемдесу ретінде бағаланып, сөзсіз қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.12.2025, 11:19 18051
Елімізде есірткі қылмысына қарсы күрес күшейді
Достарға айту
Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру аясында полиция есірткі қылмыстарын тоқтату және азаматтарды, әсіресе жастарды есірткінің заңсыз айналымына тартудың алдын алу жұмысын жалғастыруда, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері елде есірткіге қатысты 3 мыңнан астам қылмыс анықталды. Көбінесе есірткіні сату, сақтау және интернетте жарнамалау қылмыстары кездеседі. Полиция бірнеше жасырын зертхананы тауып, аса көп мөлшерде есірткі мен прекурсорларды тәркіледі.
Жамбыл облысы. "Алматы - Екатеринбург" бекетінде Тея есімді қызметтік иттің көмегімен 18 келі гашиш тәркіленді. Ұсталған адам есірткіні Шу ауданында жинап, Астанаға апара жатқанын айтты.
Шымкентте 26 жастағы жүргізушіден Алматыдан әкелген 1 келіге жуық мефедрон табылды.
Солтүстік Қазақстан облысында 30 жастағы ер адамның көлігінен 600 грамнан астам a-PVP және мефедрон табылды. Ол есірткіні Астанадан Петропавлға жеткізген.
Қарағанды облысында екі адам ұйымдастырған зертхана анықталды. 52 келі a-PVP тәркіленді.
Маңғыстау облысында екі адам ұсталды, оның бірі - студент. Олардан 250 грамм a-PVP табылды.
Алматыда полиция екі бөлек есірткі тобын құрықтады. Екі ер адамның көлігінен каннабис тобына жататын есірткі салынған бумалар мен таразы табылды. Сондай-ақ олардың бірінің Астанадағы пәтерін тінту кезінде 8 келі гашиш тәркіленді.
Бұдан бөлек, тағы бір есірткі сату тобы әшкере болды. Онда 20 жастағы есірткі жасырушы, 39 жастағы курьер және 37 жастағы қоймашы анықталды. Олардан 280 грамнан астам синтетикалық есірткі тәркіленді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.12.2025, 12:50 23841
Астанада құрылыс компаниясы қызметкерлері 7,9 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Достарға айту
ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті "Qyran" тұрғын үй кешеніндегі жылжымайтын мүлікті сату желеуімен ақша қаражатын жымқыру схемасын ұйымдастырған құрылыс компаниясының қызметкерлеріне қатысты тергеу жүргізуде, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.
Сату кеңсесінде құрылыс компаниясы атынан сатып алушыларға компанияның жылжымайтын мүлік нысандарына меншік құқығы бар екенін "дәлелдейтін" макеттер, техникалық паспорттар, сенімхаттар мен анықтамалар көрсетілген.
Азаматтарға пәтерлерді, коммерциялық үй-жайларды және паркинг орындарын нарықтық бағадан төмен сатып алу ұсынылып, мәмілелердің толық заңды екені айтылған.
Алайда сатып алу-сату шарттарын жасау орнына күдіктілер брондау шарттарын, кепіл туралы келісімдер мен алдын ала шарттарды рәсімдеген. Бұл құжаттар мемлекеттік тіркеуге жатпайды және сатып алушыларға меншік құқығын бермейді.
Жәбірленушілер төлемді қолма-қол және қолма-қол ақшасыз түрде схеманың қатысушыларының жеке шоттарына аударған. ЖШС-нің бухгалтерлік және банктік құжаттарында бұл операциялар көрсетілмеген.
Нәтижесінде азаматтардың 3,8 млрд теңгеден астам қаражаты жымқырылған.
Бұдан бөлек, күдіктілер құрылыс компаниясының қаражатын ұрлауға бағытталған екінші алаяқтық схеманы жүзеге асырған.
Құрылыс компанияның атынан клиенттермен жалған сатып алу-сату шарттарын жасап, объектілерге меншік құқықтарын тіркеген, алайда сатудан түскен қаражат компанияның кассасына түспеген.
76 жылжымайтын мүлік объектісінің сатылуынан 4,1 млрд теңге жымқырылған. Осылайша азаматтарға және компанияға келтірілген жалпы залал 7,9 млрд теңгені құрады.
Сот санкциясымен 94 пәтерге, 51 паркинг орнына, 8 коммерциялық үй-жайға және бір автокөлікке тыйым салынды.
Үш күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.11.2025, 13:13 39886
Ақтөбе облысында мигранттар ұсталды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
2025 жылғы 23 қарашада ҰҚК Шекара қызметі Ақтөбе облысының "Жайсаң" автокөлік өткізу пунктінде заңсыз көші-қон әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен.
Жүк көлігін тексеру барысында шекаралық жасақ құрылыс материалдары арасында 10 шетелдік азаматты анықтады.
Қылмыстық кодекстің 24 және 394-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.11.2025, 09:54 40076
ІІМ: Мұнай өнімдерін ұрлау мен контрабанда арналары әшкереленді
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
Ішкі істер министрлігі мұнай өнімдерін ұрлау, заңсыз тасымалдау және контрабанда фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша кешенді жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қараша айында Ақтөбе облысында полицейлер мұнай өңдеудің бастапқы өнімін жалған құжаттар арқылы ұрлау және тасымалдаумен айналысқан адамдар тобының әрекетін әшкереледі.
Екі өңірде ұйымдастырушылардың нұсқауымен шамамен 60 тонна мұнай өнімін заңсыз тасымалдаған жүк көліктерінің жүргізушілері ұсталды.
Тұрғын үйлер мен бір кәсіпорында жүргізілген тінтулер барысында шамамен 400 тонна мұнай өнімі, сондай-ақ атыс және газ қарулары, заңға қайшы операцияларды растайтын құжаттар тәркіленді.
Басқа қылмыстық іс шеңберінде шетелге мұнай өнімдерін контрабандалық жолмен шығару арнасына тартылған компанияның қызметі тексерілуде. Алдын ала деректер бойынша кәсіпорын құны шамамен 8 млрд теңгені құрайтын 30 мың тоннадан астам жанармайды экспорттаған.
Қазан айында мемлекеттік шекарадағы теміржол өткізу пункттерінің бірінде осы компанияға тиесілі, көрші мемлекетке 300 тонна жанармай алып бара жатқан төрт вагон анықталды.
Анықталған барлық дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.
ІІМ мұнай өнімдерін ұрлау фактілерін анықтау бойынша жұмысты жалғастырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.11.2025, 11:50 57996
Заңсыз әлеуметтік төлемдер бойынша қылмыстық іс тіркелді
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қала прокуратурасы әлеуметтік төлемдердің тағайындалу заңдылығына жүргізген талдау нәтижесінде "У" есімді азаматшаның заңсыз іс-әрекетін әшкерледі, деп хабарлайды Шымкент қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Талдау барысында аталған азаматша жеке кәсіпкерлердің электрондық цифрлық қолтаңба кілттерін пайдаланып, жүкті әйелдерді кәсіпорындарға жалған жұмысқа орналастырғаны анықталды.
Әрі қарай ол жүкті әйелдердің атына заңсыз түрде әлеуметтік төлемдерді рәсімдеп, белгіленген қаражатты өз қажеттілігіне жұмсаған.
Заңсыз іс-әрекеттің салдарынан мемлекетке 217 млн тг көлемінде шығын келтірілген.
Аталған факті бойынша ҚК-тің 190-бабы 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркеліп, Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне әрі қарай тергеп-тексеру үшін жолданды.
Қазіргі уақытта істің мән-жайын толық анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
12.12.2025, 16:44Жастар қауіпсіздігіне арналған "Студенттер заң үшін" галстуксыз форматтағы форум
05.12.2025, 22:59 99296Қазақстан мен Аустрия парламенттік ынтымақтастықты жандандыруға келісті05.12.2025, 16:59 93456Туризм және серіктестік: Қазақстан Финляндияда өз мүмкіндіктерін таныстырды05.12.2025, 17:03 93136Еліміздің ішкі жалпы өнімі алғаш рет 300 миллиард доллардан аспақ - Тоқаев05.12.2025, 21:56 90191АҚШ сарапшылары Қазақстанды Орталық Азиядағы жетекші экономика ретінде сипаттады05.12.2025, 20:48 89701Қазақстан мен Оман арасындағы Үкіметаралық ынтымақтастық нығаюда
13.11.2025, 17:40 177056Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Касымалиев Астанада Үкіметаралық кеңестің 13-ші отырысын өткізді13.11.2025, 23:28 175946Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге хат жолдады19.11.2025, 16:26 146786Президент Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады20.11.2025, 15:30 146426Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші - Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдады19.11.2025, 13:23 145646Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады

