16.05.2025, 10:14 49366

Free Fire аккаунты үшін 2 млн теңге: Шымкентте оқушыны алдаған алаяқ ұсталды

Free Fire аккаунты үшін 2 млн теңге: Шымкентте оқушыны алдаған алаяқ ұсталды
Шымкентте оқушыны алдаған алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаментінің киберпол қызметкерлері "Anti-fraud" іс-шарасы аясында интернет-алаяқтық жасаған ер адамды ұстады.

Ол "Free Fire" мобильді ойынының жетілдірілген аккаунтын сатамын деп өзгенің 2 миллион теңгеден астам қаражатын иемденген. 6-сынып оқушысы ұсынысқа қызығып, күдіктінің нұсқауы бойынша анасының банк картасын суретке түсіріп, карта деректері мен аударым жасауға арналған кодты жолдаған. Шотында ақшаның жоғалғанын байқаған анасы полицияға жүгінді.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды.

Полиция ата-аналарға балаларына интернеттегі қауіпсіздік ережелері туралы жиі ескертіп отыруға кеңес береді. Бөгде адамдарға банк деректерін ешқашан хабарламау керектігін әрдайым еске салып жүрген абзал.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны