28.03.2024, 17:39 34441

Интернет-алаяқтар екі айдың ішінде қазақстандықтарды 4 млрд теңгеден астам сомаға алдаған

Интернет-алаяқтар екі айдың ішінде қазақстандықтарды 4 млрд теңгеден астам сомаға алдаған
Сурет: Depositphotos
Ағымдағы жылдың 2 айында 3 мыңнан астам интернет-алаяқтық фактілері анықталды. Алаяқтар әрекеттерінің салдарынан азаматтарға 4 млрд теңгеден астам шығын келтірілді. Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай ОКҚ алаңында хабарлады.

Қазір интернет-алаяқтық жасаудың ең көп тараған тәсілі - ол белгілі сауда алаңдарының сайттарында, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде хабарландырулар орналастыру арқылы жасалатын интернет-сауда. Әдетте, алаяқтар тауардың немесе қызметтің төмен бағасын көрсетеді және алдын-ала төлемді немесе толық төлемді сұрайды.

Биыл 1 мыңнан астам осындай қылмыс тіркелді. Алаяқтардың құрбаны болмау үшін сізге біріншіден, тексерілген жарнама сайттарын пайдалану қажет. Екіншіден, тауарды алғаннан кейін төлем туралы келісу қажет. Үшіншіден, тауардың бар екеніне көз жеткізу қажет, оның ішінде бейне қоңырау арқылы. Егер сатушы басқа қалада болса, өзіңіздің таныстарыңыз немесе туыстарыңыздан тауарды алуды, тексеруді сұрау қажет", - деді спикер.


Азаматтар күмән туғызатын брокерлік компаниялар мен инвестициялық жобаларға инвестиция салу арқылы ақшаны тез көбейтудің түрлі схемаларына қатысуын тоқтатар емес. Жыл басынан бері 300-ден астам қазақстандық мұндай схемалардың құрбаны болды. Олар өз ақшасын жалған инвестициялық жобаларға салды. Сонымен қатар кейбір жағдайда осы мақсатта несиелер рәсімделді. Жеңіл ақшаны іздеген олар жинақтарын жоғалтты.

Алаяқтар ірі компаниялардың, соның ішінде ұлттық компаниялардың, банктердің, криптобиржалардың атынан жалған сайттар құру арқылы азаматтарды қызықтыруда. Бұл ретте "менеджерлермен" және "брокерлермен" барлық қарым-қатынас онлайн-режимде, оның ішінде мессенджерлер арқылы өтеді. Кейбір жағдайларда сендіру үшін жалған криптоплатформалар жасап, аккаунт тіркеп қояды. Үлкен қаржыны тарту үшін дивидендтерді бір реттік төлеуді жүзеге асырады",- деді ведомство өкілі.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны