03.06.2025, 14:50 65656

Іздеуде жүрген алаяқ Албанияда ұсталды

Іздеуде жүрген алаяқ Албанияда ұсталды
Албания астанасы Тиранада Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық азамат ұсталып, қамауға алынды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

2023 жылы ер адам Алматы қаласында жеке мектеп ашып, жоғары оқу орындарына түсу үшін ақылы дайындық курстарын ұсыну арқылы 10 азаматты алдады.

Жалпы шығын 10,5 млн теңгені құрады.

ІІМ алаяқтар оқыту курстарын жарнамалауда төмен баға, эксклюзивті оқыту әдістері мен үздік оқытушылар құрамын ұсынатынын еске салады.

Алаяқтық курстардың негізгі белгілері:

- лицензия мен ресми тіркеудің болмауы;

- оқытушылар мен бағдарлама туралы ашық ақпарат жоқ;

- келісімшартсыз толық төлемді талап ету;

-тәуелсіз платформаларда ұсыным мен пікірлердің болмауы.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны