04.06.2025, 14:02 70441

Мүлікті сату кезінде салық төлемеу фактісі бойынша Маңғыстау облысында қылмыстық іс қозғалды

Мүлікті сату кезінде салық төлемеу фактісі бойынша Маңғыстау облысында қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Маңғыстау облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Маңғыстау облысының прокуратурасымен салық заңнамасының сақталуына талдау жүргізілді. Мүліктік табыстан 218 миллион теңге көлемінде салық төлеуден жалтару фактісі анықталды.

Салық кодекстің 330-бабына сәйкес, жеке тұлғаның салық салынатын мүліктік кірісіне Қазақстан Республикасындағы мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріс жатады.

Алайда заң талаптары мен салық органы жолдаған хабарламаларға қарамастан, салық төлеуші салықтық тексеру нәтижесінде есептелген соманы төлеу жөніндегі міндеттемесін орындамаған.

Аталған факті бойынша облыс прокуратурасымен Қылмыстық кодекстің 244-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергелуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны