21.05.2025, 11:53 51076

"Магнум" және "Семейный" сауда желілерін бопсалаған блогерлер сотталды

2025 жылдың 6 мамырында Петропавл қалалық сотының "блогерлер"-ге қатысты үкімі заңды күшіне енді, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Петропавл қаласының екі тұрғыны "Magnum" және "Семейный" сауда желілерінен "рейд" деп аталатын бейнетүсірілімдерді және әлеуметтік желілерде жариялауды тоқтату үшін ақша бопсалады деп айыпталды.

Олар ұялы телефондарға сауда желілерінің дүкендеріне барғандарын жазып алып, жария етілген жағдайдаменшік иелерінің мүдделеріне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін ақпарат жинаған. Кейіннен жарияланымдар "Instagram" әлеуметтік желісінде және "Youtube" арнасында жүргізілген.

Сотталғандардың кiнәсi жәбiрленушiлердiң, куәлардың айғақтарымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен және қылмыстық iстiң басқа да материалдарымен дәлелденді.

Айыптау үкiмi алқабилер алқасының қатысуымен шығарылып, екi адамға нақты мерзімі 7 жылға бас бостандығынан айыру түрiнде жаза тағайындалды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны