18.04.2024, 12:41 32501
Қостанай облысында полиция тұрғыннан 4 келіден астам гашиш тәркіледі
Сурет: polisia.kz
Достарға айту
Қостанай облысында полиция тұрғыннан 4 келіден астам гашиш тәркіледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдікті есірткінің бір бөлігін туыстарының бірінің пәтерінде өрт сөндіргіште, қалған бөлігін үйінде сақтаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 46 жастағы рудныйлықты ұстады.
Ведомство бұған дейін ол осындай қылмыстар үшін үш рет сотталғанын атап өтті.
Қылмыс санкциясы он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады, қазір мүлкі тәркіленіп, уақытша ұстау изоляторында тұр", - деді басқарма бастығы Нұржан Ахметов.
Жыл басынан бері облыс полициясы заңсыз айналымнан 32 келіден астам түрлі есірткі, оның ішінде 1,5 келі синтетика тәркіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
26.07.2024, 15:47 8186
Қаржылық мониторинг агенттігі телефон арқылы жасалған алаяқтық фактілері туралы хабарлайды
Достарға айту
Қаржылық мониторинг агенттігі телефон арқылы жасалған алаяқтық фактілері туралы хабарлайды.
Алаяқтар телефон қоңыраулары немесе хабарлама жіберу арқылы өздерін ҚМА қызметкерлері ретінде таныстыруы мүмкін.
Сұхбат барысында Қазақстан резиденттерінің қаражатын банктік шоттардан қылмыстық жолмен алудың әртүрлі схемаларын сылтау етіп, алаяқтықтың ықтимал белгілеріне және ҚМА тарапынан қойылған шектеулерге байланысты банктердегі шоттар бойынша операцияларды тоқтата тұру туралы хабардар етеді.
Әрі қарай, алаяқтар банктік шоттардың реквизиттерін, заңмен қорғалатын және құпия, жария етілмейтін деректерді ұсынуды сұрайды.
Әңгімелесу барысында жәбірленушіге Агенттік атынан жалған құжаттар жіберіледі, онда мемлекеттік органның қолы, атауы, мөрі мен реквизиттері орналастырылады.Бұл ретте, қоңырау шалушылар өз әрекеттері жайлы ешкімге хабарламауыңызға кеңес береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.07.2024, 13:50 8951
Қарағанды облысының өнеркәсіптік кәсіпорындарында ұрлықпен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Достарға айту
Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Қарағанды облысы прокуратурасының үйлестіруімен өнеркәсіптік компаниялардан, оның ішінде "Қазақмыстан" металл және тауар ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жергілікті криминалитеттен басқа қылмыстық әрекетке кәсіпорын қызметкерлері, оның ішінде қауіпсіздік қызметінің басшылары мен қызметкерлерінің қатысы бар деп күдіктелуде. Қылмыстық іс-әрекет салдарынан келтірілген залал анықталып жатыр.
"Қарағанды облысының полиция департаментіне 20-дан астам күдікті жеткізілді. Тінту іс-шаралары барысында олардан атыс және травматикалық қару, автокөлік, қаражат және қылмыстық іс бойынша басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
ІІМ қала құраушы кәсіпорындарда әрекет ететін қылмыстық топтарды анықтау және жолын кесу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.07.2024, 13:36 9141
"Қазселденқорғау"-дың экс-басшысы сот залында қамауға алынды
Достарға айту
Ағымдағы жылы 17 маусымда Павлодар қаласының № 2 сотының үкімімен Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің бөлім басшысы Қ.Темірханов 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.
Ол өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жыл сайынғы тексерулер жүргізу кезінде жалпы қамқорлығы үшін кәсіпорын басшысынан 1,3 млн теңге сомасында пара алды деп айыпталды.
"Мемлекеттік қызмет туралы" Заңның 10-бабына сәйкес мемлекеттік органдардың басшылары бағынысты мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алуға тиіс.
Осыған байланысты, Қылмыстық-процестік кодекстің 200-бабы тәртібінде енгізілген Павлодар облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсынысы бойынша өзінің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жоғарыда аталған департаменттің басшысы мен оның орынбасары атқаратын лауазымдарынан босатылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.07.2024, 15:35 17086
ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы сотталды
Өзінің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жоғарыда аталған департаменттің басшысы мен оның орынбасары атқаратын лауазымдарынан босатылды
Достарға айту
ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы сотталды, деп хабарлайды Павлодар облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөз қызметінен.
Ағымдағы жылы 17 маусымда Павлодар қаласының № 2 сотының үкімімен Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің бөлім басшысы Қ.Темірханов 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ол өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жыл сайынғы тексерулер жүргізу кезінде жалпы қамқорлығы үшін кәсіпорын басшысынан 1,3 млн теңге сомасында пара алды деп айыпталды.
"Мемлекеттік қызмет туралы" Заңның 10-бабына сәйкес мемлекеттік органдардың басшылары бағынысты мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алуға тиіс.
Осыған байланысты, Қылмыстық-процестік кодекстің 200-бабы тәртібінде енгізілген Павлодар облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсынысы бойынша өзінің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жоғарыда аталған департаменттің басшысы мен оның орынбасары атқаратын лауазымдарынан босатылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.07.2024, 12:22 17311
Қазпошта қызметінде азаматтардың жолданымдарын тіркемеудің 10 мыңнан астам фактісі анықталды
Достарға айту
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті "Қазпошта" АҚ қызметінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі талаптарының сақталуына, сондай-ақ статистикалық есептің дұрыстығына тексеру жүргізді.
"Тексеру барысында жолданымдарды тіркемеудің 10 мыңнан астам фактісі, 2 мыңға жуық мемлекеттік құқықтық статистиканы бұрмалау, 249-жолданымдарды уақтылы тіркемеу, өтініштерді қарау мерзімдерін бұзудың 94 фактісі және өзге де кемшіліктер анықталды", деп мәлім етті комитеттің баспасөз қызметінен.
Бұдан басқа, "Қазпошта" АҚ пайдаланатын электрондық құжат айналымы жүйесін құжаттау, пайдалану тәртібін реттейтін құқықтық актілер Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес келмегені анықталды.
Тексеру нәтижелері бойынша Комитет және оның аумақтық органдары заңдылықтың бұзылуын жою туралы 21 ұсыну енгізді, 20 әкімшілік іс қозғалды.
Қадағалау актілерінің қаралу нәтижесінде 48 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке және 20-сы әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Сонымен қатар, құқық қорғау органдарына хабарланбаған бөтеннің мүлкін ұрлау, сондай-ақ алаяқтық фактілері анықталды, осылайша аталған қылмыстық құқық бұзушылықтар есепке алынбай, олар бойынша процестік шешім қабылданбаған.
Осы ретте, Комитеттің бастамасы бойынша "Қазпошта" АҚ филиалдары арқылы жіберілген сәлемдемелерді ұрлаудың 3 фактісі, сондай-ақ коммуналдық қызметтерді төлеу үшін қабылданған ақшалай қаражатты ұрлау дерегі Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.07.2024, 11:58 17571
ІІМ: "Qarmet" АҚ кәсіпорындарынан жанар-жағармай ұрлаған топ құрықталды
Достарға айту
Жедел ақпаратты жүзеге асыру барысында Ақмола облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы "Qarmet" АҚ өкілдігінің аумағынан жанар-жағармай материалдарын ұрлау бойынша қылмыстық схеманы жолға қойған адамдар тобының заңсыз әрекетіне тосқауыл қойды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Топ мүшелері өздерінің бұл әрекеттерін ұзақ уақыт бойы жүзеге асырғаны анықталды. Жәбірленуші тараптың мәліметтері бойынша олардың кесірінен кәсіпорынға 50 млн теңгеден астам сомаға шығын келтірілген.
"Бұдан басқа, "Qarmet" АҚ қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, кәсіпорын қызметкерлерінің, оның ішінде күзет қызметінің жанар-жағармай жымқыруға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Тінту іс-шаралары барысында ұсталғандардан 5,5 тоннаға жуық дизель отыны, ірі көлемде қаражат және іс бойынша өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.07.2024, 20:31 22646
Шымкентте жалған төлқұжатпен іздеуде жүрген адам ұсталды
Достарға айту
Шымкентте жалған төлқұжатпен іздеуде жүрген адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің жедел қызметкерлеріне еліміздің аумағында жасырынған көрші елдің азаматы туралы ақпарат келіп түсті.
Ол өз елінде аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген.
Деректерді тексеру барысында іздеуде жүрген қылмыскер Шымкент қаласында ұсталды. Оның Қазақстан аумағына заңсыз кіргені анықталды.
Одан Орталық Азия елдерінің бірінің жалған құжаты тәркіленді. Бұл құжат бойынша ер адам шекарадан әрі өтіп, Түркияда жасырынбақ болған. Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауға алынды.
Белгіленген тәртіппен оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.07.2024, 13:17 25156
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 30 млрд теңге сомасындағы бюджет қаражатының ұтымсыз жұмсалуына жол бермеді
Достарға айту
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 30 млрд теңге сомасындағы бюджет қаражатының ұтымсыз жұмсалуына жол бермеді, деп хабарлайды Антикордың баспасөз қызметінен.
Агенттік құзыреті шеңберінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жоспарлы бағаларын көтеру тұрғысынан мемлекеттік сатып алу мен квазимемлекеттік сектордың сатып алуына мониторингті жүзеге асырады.
Қазіргі сәтте жалпы сомасы 30 млрд теңгеге бағаның көтерілуіне жол берілмеді. Жоба басталғаннан бері, шамамен, 171 млрд теңге үнемделді (2020 ж. бастап).
Негізінен, әртүрлі деңгейдегі әкімдіктер түрлі техника мен жабдықтарды, сондай-ақ құрылыс жұмыстарын сатып алу кезінде бағаның көтерілуіне жол берді.
Мәселен, Көкшетау қаласында Құрылыс бөлімі 1,1 млрд теңгеге қосалқы трансформатор станциясын сатып алуды жоспарлады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымынан кейін, баға 896 млн теңгеге дейін төмендетілді.
БҚО-да "Бөкейорда" мемлекеттік табиғи резерваты өрт сөндіру (95 млн) және жүк-жолаушылар автомашиналарын (әрқайсысы 26 млн) 174 млн теңгеге сатып алуды көздеді, олардың нақты құны 40%-ға төмен (тиісінше 69 млн және 18 млн теңге). Автокөліктердің бағасы қайта қаралды, үнемделген сома - 50 млн теңге.
Павлодар облысында Ақсу қ. Құрылыс бөлімі жалпы сомасы 3,7 млрд теңгеге 9 қабатты көп пәтерлі екі тұрғын үй салуды жоспарлады. Бұл ретте, 2023 жылы қарашада ұқсас құрылым 1,1 млрд теңгеге тұрғызылды. Бағаны қайта қарау нәтижелері бойынша құрылыстың жалпы құны 2 млрд теңгеге дейін төмендетілді. 1,7 млрд теңгеге жоғарылтуға жол берілмеді.
Алматы қ. Білім басқармасы 25 қалалық мектеп үшін 1,9 млрд теңгеге ас үй жабдықтарын жаңғырту бойынша көрсетілетін қызметтерді жоспарлады (бірлігінің бағасы 70-тен 79 млн теңгеге дейін, нарықтық құны 20 млн теңгені құрайды). Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымынан кейін 23 мектеп бойынша сатып алу тоқтатылды, екі мектеп бойынша сатып алу нарықтық құны бойынша өткізілетін болады. Қалалық мәслихаттың шешімінен кейін 1,8 млрд теңге мөлшеріндегі қалған сома бюджетке қайтарылатын болады.
Мемлекеттік сатып алу мониторингі бойынша жұмыс жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
26.07.2024, 13:22"Семей орманы" резерватындағы орманның оннан бір бөлігі өртеніп кеткен 26.07.2024, 13:26 28191ҰҚК қазақстандықтарды Ресеймен шекарадағы БӨП-да қозғалыстың шектелуі мүмкін екендігі туралы ескертті26.07.2024, 13:30 27961Сот Талдықорғандағы "Ардагерлер саябағы" жерлерін мемлекеттiк меншiкке қайтару туралы талап арызды қанағаттандырды26.07.2024, 14:00 27271Қостанай облысының табиғат қорғау прокуратурасы мемлекетке аңшылық алқаптарын қайтарды26.07.2024, 14:07 26696Нобель сыйлығының лауреаты Рэ Квон Чунг "Берел" қорық-мұражайындағы экспонаттарды жоғары бағалады
23.07.2024, 16:36 78431Ауылдық жерлерде 102 МСАК нысанының құрылысы аяқталды23.07.2024, 16:32 60556Алматыда күн панельдерін өндіру зауытының капсуласы салынды23.07.2024, 15:49 54571Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады23.07.2024, 16:31 54411Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін Үкімет "таза" 5%-бен тікелей субсидиялау тетігін енгізді23.07.2024, 16:15 54221ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаев қысқа мерзімді демалыста
19.07.2024, 15:22 109346Ақтөбеде тұрғын үйлерді сапасыз салу бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды19.07.2024, 21:29 106136Алматыда 22 шілдеден жылу жүйелерін үш апталық сынақтан өткізу басталады27.06.2024, 20:26 104181Кіші Аралдың жағдайы тексеріліп, суды үнемдеу және экология мәселесі қолға алынады19.07.2024, 15:18 Бектенов Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін Қазақстандағы ең ұзын көпір құрылысының барысымен танысты103266Бектенов Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін Қазақстандағы ең ұзын көпір құрылысының барысымен танысты19.07.2024, 15:16 100886Үкімет су тасқынынан кейін инфрақұрылымды қалпына келтіруге қосымша 22,7 млрд теңге бөлді