10.12.2025, 10:45 43836
Павлодарлық кәсіпкерді өлтіргені үшін күдікті Ресейден экстрадицияланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қызметкерлері Павлодарлық кәсіпкерді өлтірді деген күдікпен Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Ағымдағы жылдың 21 ақпанында жәбірленуші жұмысқа кетіп, кейін байланысқа шығуын тоқтатқан, осыған байланысты ол хабар-ошарсыз жоғалған деп танылған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында сол күні кәсіпкердің Павлодарда күдіктімен оның тұрғын үйінің ауласында кездескені анықталды.
Қаржылық келіспеушіліктерге байланысты олардың арасында жанжал туындап, қаскүнем жәбірленушінің кеудесі мен бетіне 22 рет пышақ сұққан. Жәбірленуші сол жерде алған жарақаттарынан көз жұмған.
Қылмыстың ізін жасыру мақсатында күдікті марқұмның денесін және оның автокөлігін гаражына жасырып, кейін Қазақстаннан шығып, шетелге қашып кеткен.
Осы жылдың наурыз айында ол Ресей Федерациясының аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша еліне экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Оған айып тағылған қылмыс бойынша 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
18.02.2026, 13:03 13331
Таразда 13 жастағы қызды ұрламақ болған екі күдікті ұсталды
Достарға айту
Тараз қаласында мектеп оқушысын автобус аялдамасында ұрлап әкету дерегі тіркелді. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жетіп, күдіктілер көп кешікпей қолға түсті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Қылмыстық оқиғаға қатысты бейнежазба әлеуметтік желілерде жарияланды. Кадрдан екі ер адамның 13 жасар қызды күштеп көлікке кіргізуге оқталғанын байқауға болады. Осы сәтте сол маңнан өтіп бара жатқан адам көмекке келеді.
Полицияға екі белгісіз ер адамның автокөлікпен аялдамада тұрған қызды ұрламақ болғаны туралы хабарлама түсті. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері жіберілді. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.01.2026, 18:14 26576
240 млн теңгеден астам сомаға жасалған кредиттік алаяқтық ісі бойынша үкім шығарылды
Достарға айту
Астана қаласының соты тұтынушылық және автонесиелеу саласындағы ауқымды алаяқтық схемасына қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты айыптау үкімін шығарды. Топтың ұйымдастырушысы 9 жылға бас бостандығынан айырылса, қалған қатысушылар 6 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Алаяқтар азаматтарға қолданыстағы тұтынушылық несиелерді "есептен шығару" қызметін ұсынған. Оның орнына жәбірленушілерге жаңа кредиттік шарттар, соның ішінде автонесиелер рәсімдеуді ұсынып, ай сайынғы төлемдерді өздері төлейміз деп уәде берген.
Бұл схеманың құрбандары әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтар - табысы төмен тұлғалар мен мүмкіндігі шектеулі жандар болған. Қаржылық жағдайы қиын болғандықтан, жәбірленушілер қарыз жүктемесін жеңілдетуге үміттеніп, қаскөйлердің шарттарына келісуге мәжбүр болған.
Алайда берілген уәделер орындалмай, жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын 240 млн теңгеден асты.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды кредиттерді жедел рәсімдеу туралы ұсыныстарға сақтықпен қарауға және үшінші тұлғаларға жеке әрі қаржылық деректерін бермеуге шақырады.
Күмәнді жағдайлар туындаған кезде құқық қорғау органдарына дереу жүгіну қажет.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.01.2026, 16:05 39096
Полиция Жетісуда баланы ұрып-соққан әйелді ұстады
Достарға айту
Мессенджерлерде "жүрегі әлсіздер қарамасын" деп жазылған жас баланың ұрып-соғылғаны көрсетілген бейнежазба таралып жатыр. Оқиға Панфилов ауданының Жаркент қаласында болған.
Жетісу облыстық полиция департаменті дереу тексеру басталғанын хабарлады.
Панфилов аудандық полиция қызметкерлері Жаркент қаласындағы WhatsApp топтарында таралған бейнежазба фактісі бойынша тексеру жүргізді. 28 жастағы әйелдің кішкентай баласына дене жарақаттарын салғаны анықталды", - деп хабарлады полиция.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті полиция бөлімшесіне жеткізілді, онымен тергеу амалдары өткізіліп жатыр, содан кейін ол уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында екі бала Отбасын қолдау орталығына уақытша орналастырылды. Ата-ана құқығынан айыру мәселесін қарастыру үшін қорғаншылық және қамқоршылық органына ұсыныс жіберіледі", - деп қосты ведомство.
Атап өтілгендей, тергеу барысын Жетісу облыстық полиция департаментінің басшылығы жеке бақылауына алған. Тергеу қорытындылары бойынша кінәлілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.
Зардап шеккен балаға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Балалардың жағдайы тұрақты, оларға психологиялық қолдау көрсетіліп жатыр. Балалардың құқықтары жөніндегі аймақтық өкіл жайдайды бақылауына алған", - деп атап өтті ҚР Білім министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитеті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.01.2026, 13:02 39336
Алматы мектептеріндегі террористік акт туралы ақпарат шындыққа жанаспайды - полиция
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
Әлеуметтік желілерде Алматы қаласының мектептеріне террористік шабуыл дайындалып жатқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Қалалық полиция департаменті ресми мәлімдеме жасап, бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Аталған мәлімет шындыққа сәйкес келмейді - фейк. Қазіргі уақытта қаладағы білім беру ұйымдарындағы ахуал толық бақылауда. Полиция және өзге де жедел қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, балалар мен педагогтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданды", - деп хабарлады полициядан.
Сонымен қатар полиция жалған ақпаратты тарату дерегі бойынша жедел-іздестіру шаралары басталғанын мәлімдеді. Фейктің таралуына қатысы бар тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылмақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.01.2026, 12:52 39556
200 мыңның креслосы 20 млн-ға алынған: Шымкент университетіндегі іс сотқа өтті
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.
Күдіктілер қатарында бұрынғы бірінші проректор, қаржы және әкімшілік департаменттердің директорлары, өндірістік-техникалық бөлімнің қойма меңгерушісі, сондай-ақ мердігер ұйымдардың басшылары бар.
Күдіктілер тауарлар іс жүзінде жеткізілмеген немесе жасанды түрде қымбат бағамен сатып алынған,
жалған мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасқан.
Байланысы бар жеке кәсіпкерлер мен коммерциялық ұйымдардың шоттарына аударылған қаражат кейінен қолма-қол ақшаға айналдырылып, қылмыстық қатысушылар арасында бөлінген.
Мысалы, осы схема аясында университет басшылығы нарықтық құны 200 мың теңгеден аспайтын бір креслоны 20 млн теңгеге сатып алған.
Нақты жеткізілімдердің болмауын жасыру мақсатында күдіктілер тозған тауарлық-материалдық құндылықтарды балансынан формалды түрде есептен шығарып, оларды іс жүзінде пайдалануды жалғастырған. Ал есептен шығарылған мүліктің орнына келуі тиіс жаңа тауарлар мүлдем жеткізілмеген.
Нәтижесінде мемлекетке 321 млн теңге көлемінде залал келтірілді.
Тергеу барысында күдіктілер 264 млн теңгені ерікті түрде өтеді.
Соттың санкциясымен олардың мүлкіне - 4 тұрғын үйге, 1 автокөлікке және банктік шоттардағы 40 млн теңге көлеміндегі ақшалай қаражатқа тыйым салынды.
Қылмыстық іс сотқа жолданды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.01.2026, 11:23 60221
ІІМ: "Қару" іс-шарасы аясында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару тәркіленді
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
Ішкі істер министрлігі 9-12 қаңтар аралығында республикалық "Қару" жедел іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараның нәтижесінде:
- заңсыз айналымнан 340 қару, және 2 мыңнан астам, оқ-дәрі тәркіленді;
- 14 криминалдық қару алынды, оның ішінде сегізі қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған, алтауы бұрын жоғалған қару;
- алыстағы шаруа қожалығы тексеріліп, нәтижесінде, 70 атыс қару тәркіленді;
- ел тұрғындары, өз еркімен 35 қаруды өх еркімен полицияға тапсырды.
Ішкі істер министрлігі еске салады: заңсыз сақталған қаруды, өз еркімен тапсырған азамат қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.01.2026, 15:37 69151
Алматы қаласының прокуратурасы заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті
Достарға айту
Алматы қаласының прокуратурасы сыйақы алу мақсатында бір бөлмелі пәтерде нақты тұрмайтын 109 адамды тіркеп, заңсыз көші-қон ұйымдастырғанын анықтады, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Резіңке" пәтердің иесіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сот үкімімен ол бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.
Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа жол бермеу мақсатында көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.01.2026, 11:46 70771
Шымкентте 21 жастағы қызды пышақтап өлтірді деген күдікті ұсталды
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
Шымкентте жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 21 жастағы қызды өлтірді деген күдікті ер адам ұсталды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Іздеу жұмыстарына қалалық Полиция департаментінің жеке құрамы толықтай жұмылдырылды. Қаланың кіреберіс және шығаберіс бағыттарында бақылау күшейтіліп, аумақты жан-жақты тексеру жүргізілді.
Күдікті қала аумағынан шамамен 10 шақырым қашықтықтағы ашық жерде анықталып, ұсталды.
Қазіргі таңда 28 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті марқұммен бұрын таныс болған. Қылмыстың себептері мен мән-жайы тергеу барысында анықталады", - деп хабарлады қалалық Полиция департаменті.
Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, кешенді жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
26.02.2026, 17:47Загребте жаңа Конституция жобасы таныстырылды 26.02.2026, 18:49 97481Қазақстан БҰҰ Туризм ұйымымен бірге өңірлік туристік хаб ретіндегі рөлін нығайтуда26.02.2026, 19:51 97121Қазақстан мен Грекия білім беру саласындағы серіктестікке жаңа серпін беруде26.02.2026, 20:53 96901Мексика Парламентінің депутаттары Қазақстан Республикасымен ынтымақтастықты жандандыруға мүдделі26.02.2026, 21:55 96681Эдинбург герцогы, ханзада Эдвард Орталық Азия елдерінің cыртқы істер министрлерін Лондонда ресми кездесуге шақырды
09.02.2026, 22:39 224566Қазақстан мен Үндістан стратегиялық серіктестікті нығайту перспективаларын талқылады10.02.2026, 12:57 210971Қазақстан СІМ басшысы Түркия Елшісін қабылдады10.02.2026, 13:08 210846Қазақстан мен Латвия транзит және көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда10.02.2026, 14:03 210811Қазақстан мен Америка мемлекеттері ұйымы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады10.02.2026, 16:15 210736Қазақстан мен БҰҰ АзТМЭӘК ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады

