26.05.2025, 11:54 51916

ҚР жоғары аудиторлық палатасы 355 млрд теңгеге бұзушылықтарды анықтады

3,3 млрд теңге қалпына келтірілуі тиіс қаржының 1 млрд теңгесі бюджетке қайтарылды
2025 жылдың І тоқсанында 24 нысанда 4 аудиторлық іс-шара нәтижесінде 355 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды ҚР жоғары аудиторлық палатасының баспасөз қызметінен.

Оның ішінде: 3,3 млрд теңге қаржылық бұзушылықтар, 287,6 млрд теңге мемлекет қаражаты мен ресурстарын тиімсіз пайдалану, 64,6 млрд теңге жоспарлау кемшіліктері.

3,3 млрд теңге қалпына келтірілуі тиіс қаржының 1 млрд теңгесі бюджетке қайтарылды.

Үкіметке 32 ұсыным жолданып, аудит объектілеріне 159 тапсырма берілді. Олар толық орындалғанға дейін Жоғары аудиторлық палатаның бақылауында болады.

Жалпы 2025 жылы шамамен 30 аудиторлық іс-шараны аяқтау жоспарланған.

Жоғары аудиторлық палата мемлекеттік аудитте стратегиялық және тәуекелге бағдарланған тәсілді нығайту тәжірибесін жалғастырады. 2024 жылдың қорытындылары көрсеткендей, сапалы бақылау - бұл тек міндетті қадағалаумен шектелмейтін, сонымен қатар бюджетке қаражатты қайтарудың, бұзушылықтардың алдын алудың және қоғамның мемлекеттік билік органдарына деген сенімін арттырудың тиімді механизмі
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны