11.09.2025, 10:06 87276

ШҚО-да қымбат металдарды заңсыз өндірді деген күдікпен 19 шетелдік азамат ұсталды  

ШҚО-да қымбат металдарды заңсыз өндірді деген күдікпен 19 шетелдік азамат ұсталды
Сурет: Polisia.kz
ШҚО-да қымбат металдарды заңсыз өндіргені үшін 19 шетелдік азамат ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция заң тәртібіне ғана емес, аймақ экологиясына да қатер төндірген қылмыстық әрекеттің жолын кесті.

Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Шығыс Қазақстан облысының полицейлері пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактісін анықтады.



Облыстың бір ауданында 19 шетелдік азамат пен Өскемен қаласының 2 тұрғыны ұсталған. Қымбат металлдарды өндіруге арналған экскаваторлар, бульдозер, ұсатқыш қондырғылар және басқа да жабдықтар, сондай-ақ құрамында алтын мен басқа да бағалы компоненттердің белгілері бар металл бұйымдары тәркіленді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында құқыққа қарсы әрекетке қатысы бар болуы мүмкін 20-дан астам адам тексерілуде.

Дәлелдер жиналып, қажетті сараптамалар тағайындалды, істің барлық мән-жайын анықтау шаралары қабылдануда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны