22.05.2024, 15:29 43956

Шымкент қаласының тұрғыны криптовалюта айырбастаумен заңсыз айналысқаны үшін сотталды

Үкім заңды күшіне енген жоқ
Шымкент қаласының тұрғыны криптовалюта айырбастаумен заңсыз айналысқаны үшін сотталды
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен заңсыз кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырғаны үшін азамат «C» 2 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Шымкент қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Сот талқылауы барысында азамат «C» «Binance» платформасында цифрлық активтерді (криптовалюталар) лицензиясыз айырбастау қызметін көрсеткені анықталды.

5 жыл ішінде ол 1,7 млрд теңгеден астам аса ірі мөлшерде заңсыз табыс тапқан.

Қала прокуратурасы Шымкент қаласының тұрғындарына цифрлық активтерді айырбастау бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгені туралы ескертеді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны