15.04.2024, 12:23 38771

Шымкентте мектепті ағымдағы жөндеуге және жылыту үшін көмір алуға бөлінген қаражат қолды болған

Оқу орнының басшылығы 6 млн теңгеден астам ақша жымқырды деген күдікке ілінді
Шымкент қаласы Тұран ауданының прокуратурасы тексеру барысында 6 843 837 теңге сомадағы бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады, деп хабарлайды Шымкент қаласы прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Бұл ақшалай қаражат 2022-2023 жылдар аралығында №73 орта мектепті ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге, ғимаратты жылытып ұстау үшін көмір жеткізуге бюджеттен бөлінген.

Одан бөлек жұмыс атқармағанына қарамастан 2 қызметкерге ай сайын еңбекақы төленіп отырғаны белгілі болды (өлі жандар).

Аудан прокуратурасы мектеп басшылығына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Тұран ауданының прокуратурасы
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны