16.07.2025, 13:16 22351

Өскемен әуежайының лауазымды тұлғалары аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті иемденді деген күдікке ілінді 

Өскемен әуежайының лауазымды тұлғалары аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті иемденді деген күдікке ілінді 
ҚМА ШҚО бойынша департаменті Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен "Өскемен әуежайы" АҚ басшылығына қатысты қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану, аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру фактілері бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.

Бес жыл бойы акционерлік қоғамның бұрынғы президенті мен өзге де лауазымды тұлғалары еңбекақыны негізсіз көбейту, жалған сыйақылар мен жалған шарттар жасау арқылы жүйелі түрде ақша жымқырған. Жымқырылған қаражат кейін касса арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Қоғамға тиесілі көлік құралдары бухгалтерлік есептен шығарылып, нарықтағы құнынан бірнеше есе төмен бағамен сенімді тұлғаларға сатылған.

Сонымен қатар, қоғамның коммерциялық нысандары жеңілдетілген шарттармен жалға берілгені анықталды: яғни, жалдау ақысы төмендетіліп, нақты жалға берілген аумақ азайтылып көрсетілген.

Мемлекетке келтірілген жалпы залал 157 млн теңгені құрады.

 Сот санкциясымен күдіктілердің 126 млн теңге көлеміндегі мүлкіне (4 пәтер, жер учаскесі және 2 автокөлік) тыйым салынды.

Күдіктілер қамауға алынды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны