23.05.2024, 16:54 44281

Сот орындаушысы баланың алименттерін жымқырған

Сот орындаушысы баланың алименттерін жымқырған
Сот орындаушысы баланың алименттерін жымқырған, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасынан. Нұра ауданының прокуратурасымен жеке сот орындаушысының алимент төлеуге арналған 1 млн теңгеден астам ақшаны жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелген. ЖСО бір жыл бойы борышкердің ақшасын жас баланың анасының орнына өз ұлының шотына аударғаны анықталды. Өндіріп алушы алимент берешегін өндіріп алу жөнінде борышкерге қатысты шара қолдану туралы ЖСО-ға жүгінген, алайда борышкер берешегін уақтылы жолдап отырған. Жеке сот орындаушысына қатысты қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық іс сотқа жолданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны