22.07.2025, 10:15 24766

Түркістан облысында қылмыстық топ жанармай өнімдерін жасырын тоннель арқылы шекарадан өткізумен айналысқан

Түркістан облысында қылмыстық топ жанармай өнімдерін жасырын тоннель арқылы шекарадан өткізумен айналысқан
Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен, Қаржылық мониторинг агенттігінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменттері бірлесіп, Өзбекстан құқық қорғау органдарының қолдауымен жанармай өнімдерін жасырын тоннель арқылы шекарадан өткізумен айналысқан халықаралық қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметінен.

Тергеу барысында анықталғандай Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекараға жақын аумақта топ мүшелері 450 метрлік жерасты тоннелін қазған.

Қылмыстық схема 2 ай бойы жұмыс істеген. Осы уақыт ішінде шетелден қаржыландырылып отырған жанар-жағармай материалдарын тасымалдауға арналған логистикалық бағыттар мен жасырын шығару арнасы құрылған.

Операция барысында Өзбекстан тарапы да өз аумағында дәл осындай шаралар жүргізген.

Нәтижесінде қылмыстық әрекетке қатысы бар барлық тұлғалар анықталды. Қазақстан Республикасының 5 азаматы күдікті ретінде танылды.

Қазіргі уақытта тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны