10.04.2024, 14:58 38656

"ҚТЖ" ҰК" АҚ құрылымдық бөлімшесі кәсіпкердің құқықтарын қасақана бұзған

"ҚТЖ" ҰК" АҚ құрылымдық бөлімшесі кәсіпкердің құқықтарын қасақана бұзған
Сурет: gov.kz
Алматы көлік прокуратурасы "ҚТЖ" ҰК" АҚ құрылымдық бөлімшесі тарапынан кәсіпкердің құқықтарын қасақана бұзу фактісін анықтады, деп хабарлайды Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Атап айтқанда, вагон депосының басшылығы Қырғызстан кәсіпкеріне тиесілі, кептірілген жемістері тиелген транзиттік контейнерлерді заңсыз ұстаған. Вагондардың тоқтатылуына олардың техникалық жарамсыздығы себеп болғаны көрсетілген.

Қадағалау органы темір жол ұйымы қызметкерлерінің жүкті ұстауға нақты негіздері жоқ екенін, вагондардың жарамды жағдайда және барлық жөндеу жұмыстары дер кезінде жүргізілгенін анықтады.

Көлік прокуратурасының қадағалау актісінің арқасында, шетелдік кәсіпкерлік субъектісінің заңсыз ұсталған контейнерлері өз бағыты бойынша жөнелтіліп, вагондардың тоқтап қалуы үшін есептелген сома жойылды.

Сонымен қатар, кінәлі лауазымды тұлға - Алматы эксплуатациялық вагон депосы директорының орынбасары қызметінен босатылып, бірінші басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны