10.11.2025, 11:50 41161

Заңсыз әлеуметтік төлемдер бойынша қылмыстық іс тіркелді

Заңсыз әлеуметтік төлемдер бойынша қылмыстық іс тіркелді
Сурет: Depositphotos
Қала прокуратурасы әлеуметтік төлемдердің тағайындалу заңдылығына жүргізген талдау нәтижесінде "У" есімді азаматшаның заңсыз іс-әрекетін әшкерледі, деп хабарлайды Шымкент қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Талдау барысында аталған азаматша жеке кәсіпкерлердің электрондық цифрлық қолтаңба кілттерін пайдаланып, жүкті әйелдерді кәсіпорындарға жалған жұмысқа орналастырғаны анықталды.

Әрі қарай ол жүкті әйелдердің атына заңсыз түрде әлеуметтік төлемдерді рәсімдеп, белгіленген қаражатты өз қажеттілігіне жұмсаған.

Заңсыз іс-әрекеттің салдарынан мемлекетке 217 млн тг көлемінде шығын келтірілген.

Аталған факті бойынша ҚК-тің 190-бабы 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркеліп, Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне әрі қарай тергеп-тексеру үшін жолданды.

Қазіргі уақытта істің мән-жайын толық анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны