23.02.2024, 21:02 50791

Жамбыл облысында құны 10 млн теңге болатын үнді марихуанасы тәркіленді

Жамбыл облысында құны 10 млн теңге болатын үнді марихуанасы тәркіленді, деп қабарлайды Polisia.kz.

Тосқауыл" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Тараз қаласының 50 жасар тұрғыны есірткі заттарын сақтап келгені үшін қамауға алынды.


Яго есімді қызметтік ит тұрғылықты жерін тінту кезінде сарай мен бақшада жасырылған есірткіні табуға көмектесті. Күдікті тыйым салынған заттарды канистрлерде сақтаған. Жалпы салмағы 4 келі 604 грамм кептірілген үнді марихуанасы тәркіленді.

Тәркіленген есірткінің қара нарықтағы құны 10 миллион теңгеден асады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сотқа дейінгі тергеу  амалдары жүргізілуде", - деді  Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Әлім Бажықбаев.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны