28.03.2024, 20:17 34131

Жамбыл облысының тұрғыны Астанаға 30 келіден астам есірткі жібермек болған

Күдікті жабайы қарасораны Астана қаласына апарып сатуды жоспарлаған
Жамбыл облысының тұрғыны Астанаға 30 келіден астам есірткі жібермек болған
Сурет: polisia.kz
Жамбыл облысының тұрғыны Астанаға 30 келіден астам есірткі жібермек болған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбылдық полицейлер есірткіні заңсыз өткізу фактісінің алдын алды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Шу ауданында есірткінің аса ірі партиясы тәркіленді. Полиция 35 жастағы күдікті - жергілікті тұрғынды ұстады.

Жаңа жол ауылында өткен тінту шаралары барысында ер адамның шаруашылық құрылысында кептірілген марихуана және гашиш есірткі заттары бар 15 полиэтилен пакет табылып, тәркіленді.

Жедел мәліметтер бойынша күдікті жабайы қарасораны Астана қаласына апарып сатуды жоспарлаған.

Қызметкерлердің біраз уақыт күдіктінің ізіне түсіп, кәсіби әрекет етулерінің нәтижесінде есірткінің заңсыз айналымының тағы бір фактісінің алдын алдық. Барлығы 29 келі 677 гр кептірілген марихуана және 3 келі 76 гр гашиш тәркіленді. Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз дайындағаны үшін ұсталған адамға қатысты мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - деді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.


Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны