05.05.2025, 11:23 73466

Жетісу облысында ауыл шаруашылығы техникасын басқаруға заңсыз куәлік беру фактілері анықталды

Жетісу облысында ауыл шаруашылығы техникасын басқаруға заңсыз куәлік беру фактілері анықталды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Заң және Тәртіп" қағидатын іске асыру аясында жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жұмыстары жүргізілуде.


Ақсу ауданының прокуратурасы көлік құралдарын басқару құқығын заңсыз беруден туындаған бұзушылықтарды анықтады.

Ақсу аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің лауазымды тұлғасы Қазақстан Республикасының "Жол қозғалысы туралы" Заңының талаптарын бұза отырып, бұрын сот шешімімен көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған 3 тұлғаға тракторшы-машинист куәлігін заңсыз берген.

Қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша барлық 3 куәлік тәркіленіп, күші жойылды, мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін кінәлі тұлғаға қызметке толық сәйкес еместігі туралы жарияланды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны