22.05.2024, 17:00 43846

Әзірбайжаннан алаяқтық жасағаны үшін күдікті экстрадицияланды

Әзірбайжаннан алаяқтық жасағаны үшін күдікті экстрадицияланды
Әзірбайжаннан алаяқтық жасағаны үшін күдікті экстрадицияланды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Бүгін ҚР Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен аса ірі көлемдегі алаяқтық жасаған Қазақстан азаматынӘзірбайжаннан жеткізді.

Ол 2021-2023 жылдар аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінен ұялы телефондарды арзан бағамен тасымалдайтыны туралы айтып, азаматтардың сенімдерін теріс пайдаланып, 21,5 миллион теңге көлеміндегі қаражатын иемденген.

Одан бөлек, 2022 жылдың қаңтарында ол алаяқтық жолмен "Toyota Land Cruiser" көлігін иемденіп, жәбірленушіге 24 миллион теңге шығын келтірген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті құқық қорғау органдарынан жасырынған, сол себепті оған халықаралық іздеу жарияланды.

Қазіргі таңда күдікті Астана қ. тергеуизоляторына қамалды.

Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін ол мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны