Ақмола облысында туристік саланы дамытудың сандық және сапалық көрсеткіштерінің өсуі байқалады
Фото: Depositphotos
Кластердің мәдени-тарихи сегменті 900 ескерткішпен ұсынылған. Облыста 73 туристік бағыт бар", - дейді Ақмола облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм басқармасының баспасөз хатшысы Камила Балғожа.
Басқарманың мәліметінше, өңірдің ағымдағы ішкі туристік ағыны 1,0 млн-нан астам адамды құрады (оның ішінде орналастыру орындарында тоқтағандар саны – 324,8 мың адам; санаториялық-курорттық ұйымдарда демалушылар - 27,2 мың адам; "Бурабай" МҰТП-на келгендер саны - 655,3 мың адам, "Көкшетау" МҰТП-ға келгендер саны - 22,3 мың адам, "Бұйратау" МҰТП-ға келушілер саны - 2,0 мың адам).
Орналастыру орындарының жалпы саны 341 нысанды құрайды. 2021 жылы төсек-орын саны 18%-ға артып, 15,1 мың адамды құрады, бұл өңір бір уақытта 15,0 мыңнан астам туристі қабылдай алады деген сөз", - деп хабарлады ведомстводан.
Бұдан басқа, орналастыру орындарымен көрсетілген қызмет көлемі өткен жылмен салыстырғанда 64%-ға өсіп, 10,5 млрд теңгені құрады.
Курорттық аймақтарда орналастыру орындарының саны өткен жылмен салыстырғанда 11,5%-ға артып, 213 бірлікті құрады, нөмірлер саны 3770 бірлік және көрсетілген қызметтер көлемі 9,1 млрд теңгеге", - деп хабарлады Ақмола облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы.
Сондай-ақ, ведомство Щучинск – Бурабай курорттық аймағы - Қазақстанның туристификация картасының ТОП 10-на енгізілген елдің туристік әлеуетін іске асыру үшін басым аумақ екенін атап өтті.
2022 жылы Щучинск-Бурабай курорттық аймағында орналастыру орындарының саны 189 бірлікті құрайды, қордың жалпы сыйымдылығы – 3233 нөмір, бір жолғы сыйымдылығы 8584 төсек-орын. Қазірдің өзінде бар нөмірлік қор жазғы кезеңде шамамен 1 млн адамды қабылдауға және қызмет көрсетуге мүмкіндік береді", - деп толықтырды басқармада.

