03.08.2022, 17:14 9006

Энергетика министрлігі ҚР-да екінші АЭС салу жоспары туралы айтты

Қазақстанда екінші атом электр стансасы Ертіс өзені бойында салынуы мүмкін.
Энергетика министрлігі ҚР-да екінші АЭС салу жоспары туралы айтты
Сурет: depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 3 ТАМЫЗ - Қазақстанда екінші атом электр стансасы Ертіс өзені бойында салынуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов айтты. 
 

Бірінші станса құрылысы басталып, сәтті іске қосылған жағдайда "Қазақстанда қанша атом электр стансасы болады?" деген екінші сұрақ туындайды. Бұл сұраққа да қатысты талқылау жүргізіліп жатыр. Қазақстандағы екінші атом электр стансасы Ертіс бойында, Курчатов қаласы ауданында пайда болуы әбден мүмкін. Егер Қазақстан көміртегі бейтараптығы жолын таңдайтын болса, онда бірнеше атом электр стансасын салғаннан басқа шығар жолы жоқ. Деме, Ертіс сөзсіз келешегі бар алаң", - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

 
Бұған дейін, ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов еліміздегі бірінші атом электр стансасын салу үшін Алматы облысындағы Үлкен елді мекені таңдап алынғанын айтқан болатын.
 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны