23.02.2023, 09:11 37161

КҚК-да мұнайды жөнелту қайта басталды

Ауа райы жағдайының жақсаруы мұнайды ауыстырып тиеуді қалпына келтіруге мүмкіндік берд
КҚК-да мұнайды жөнелту қайта басталды
Сурет: cpc.ru
Астана. 23 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Каспий құбыр консорциумы Қара теңіз терминалынан мұнай жөнелту жұмысының қайта жанданғанын хабарлады.

22 ақпаннан бастап теңіз терминалы арқылы мұнай тасымалдау жұмыстары қалпына келтірілді. Ауа райы жағдайының жақсаруы мұнайды ауыстырып тиеуді қалпына келтіруге мүмкіндік берді", - делінген компания таратқан хабарламада.


Еске салсақ, 19 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына (күшті дауыл, үлкен толқынға) байланысты Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалымен мұнай жөнелту тоқтатылған еді.

Аталған құбыр желісінің жұмысының тоқтап қалуына байланысты ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов пікір білдірді.

Жалпы айта кетсек, Қазақстан мұнайының шамамен 80 пайызы Каспий құбыр консорциумы арқылы экспортқа жөнелтіледі.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:МўнайКЌК

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны