22.04.2022, 13:03 17016

Самұрық-Қазына республикалық бюджетке 170 миллиард теңге дивиденд түрінде жібереді

Қордың пайдасына портфельдік компаниялар төлейтін дивидендтердің мөлшерін айқындаудың енгізілген жаңа қағидаттарын ескере отырып, республикалық бюджетке дивидендтер түрінде шамамен 170 млрд теңге бағыттау жоспарлануда.
Самұрық-Қазына республикалық бюджетке 170 миллиард теңге дивиденд түрінде жібереді
Сурет: sk.kz
НҰР-СҰЛТАН. 22 СӘУІР - "Самұрық-Қазына " қоры республикалық бюджетке 170 миллиард теңге дивиденд түрінде жіберуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Самұрық-Қазына" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2021 жылдың қорытындысы бойынша қордың пайдасына портфельдік компаниялар төлейтін дивидендтердің мөлшерін айқындаудың енгізілген жаңа қағидаттарын ескере отырып, республикалық бюджетке дивидендтер түрінде шамамен 170 млрд теңге бағыттау жоспарлануда", - деді қордың экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Нәзира Нұрбаева, қордың 2021 жылғы алдын ала қаржылық қорытындыларын айта отырып.

 
Оның айтуынша, алдын-ала деректер бойынша, 2021 жылы компаниялар тобының кірісі 11,7 трлн теңгені құрады, бұл жоспарланған межеден 2,4 трлн теңгеге көп. Таза пайда 1,6 трлн теңге, бұл 2021 жылға арналған бекітілген жоспардан және 2020 жылдың нәтижелерінен үш есеге жуық жоғары.
 
Пайданың ұлғаюы негізінен есепті кезеңдегі мұнай мен мұнай өнімдері бағасының өсуіне байланысты. Спикер 2021 жылы мұнайдың орташа бағасы барреліне 71 долларды құрағанын, ал 2020 жылы 42 долларды құрағанын айтты.
 
Сонымен қатар, карантиндік шаралардың жеңілдетілуіне және елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруынан, 2021 жылы әуе және теміржол көлігі саласында жолаушылар тасымалы сәйкесінше 74%-ға және 49%-ға өсті. Қытай-Еуропа, Қиыр Шығыс-Орталық Азия және Қытай-Кавказ/Түркия бағыттарында контейнерлік транзит көлемі артты, осыған байланысты контейнерлік тасымалдар 22%-ға өсті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны