"Қазсушар" РМК-ның Түркістан филиалы биыл Жетісай ауданындағы алғашқы мақта алқаптарына су жеткізе бастады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметінен.
"Төлеген ата" шаруа қожалығы суармалы суды К-30 каналы арқылы алып отыр. Егістік алқаптарын суаруға кіріскен диқандар биыл судың қажетті көлемде және тұрақты түрде беріліп жатқанын айтып жатыр.
"Биыл 9,5 гектар алқапқа мақта ектік, қазір алқапты суаруды бастадық. Су мол, тұрақты келіп жатыр. Ол үшін Су ресурстары және ирригация министрлігіне алғысымызды білдіреміз", - деді "Төлеген ата" шаруа қожалығының төрағасы Мейрамбек Қуатбек.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

