13.02.2023, 18:58 42981

Бір аптада теңге бағамы 1,7%-ға нығайды

2023 жылғы 3-10 ақпан аралығында сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға болды

Астана. 13 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 10 ақпанда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 1,7%-ға (458,69 теңгеден) нығайып, 1 АҚШ доллары үшін 450,79 теңге деңгейінде қалыптасты, деп хабарлайды ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі.
 
2023 жылғы 3-10 ақпан аралығында сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға болды. АҚШ-тың Еңбек министрлігі өткен аптада жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға жаңадан өтініш берген америкалықтардың саны 13 000-ға өсіп, 196 000-ға жеткенін хабарлады. Бұл сарапшылардың орташа болжамынан асып түсті. Еңбек нарығы бойынша аралас деректер шыққаннан кейін, АҚШ ФРЖ төрағасы Джером Пауэлл, басқа басшылармен бірге мөлшерлемені одан әрі өсіру - инфляцияны тежеу үшін және экономикалық өсуді бәсеңдету үшін қажет деп мәлімдеді. Осыған байланысты АҚШ қазынашылық облигацияларының кірістілігі АҚШ долларының позициясын нығайта отырып (DXY АҚШ доллары индексі 0,69%-ға өсті), өсуді көрсетті. Жапония Банкін бұрын елдің Орталық банкін басқарушылар кеңесінде болған 71 жастағы Кадзуо Уэда басқаруы мүмкін. Сарапшылар бұл шешімді биліктің ОБ басында әсіре жұмсақ ақша-кредит саясатын тоқтатуға асықпайтын адамды көргісі келетінімен байланыстырды.
 
Жоғарыда аталған факторлар көбінесе дамушы нарықтарда валюталардың теріс динамикасын көрсетті. Дамушы елдерде АҚШ долларына қатысты валюталар бағамының динамикасы төмендегідей қалыптасты:
 
  • Мексика песосы ОБ-ның пайыздық мөлшерлемені талдаушылардың күткенінен жоғары, рекордтық 11%-ға дейін 50 базистік тармаққа ұлғайтуы аясында 1,6%-ға (18,97-ден 18,67-ге дейін) нығайды;
  • түрік лирасы 0,1%-ға (18,83-тен 18,81-ге дейін) болмашы нығайды. Түркия қатты жер сілкінісінен зардап шеккен аудандарда үш айға төтенше жағдай жариялады;
  • үнді рупиясы ОБ-ның пайыздық мөлшерлемені 6,5%-ға дейін 25 базистік тармаққа ұлғайтуына қарамастан, 0,8%-ға (81,84-тен 82,51-ге дейін) әлсіреді;
  • Индонезия рупиясы шетелдік капиталдың әкетілуі аясында 1,6%-ға (14894-тен 15134-ке дейін) әлсіреді. Қаржы министрлігінің дерегі бойынша, 8 ақпанда МБҚ сатылымы 152 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2022 жылғы 5 қазаннан бергі ең қомақты күнделікті әкетілу болды;
  • Бразилия реалы президент Лула да Сильваның 13,75% негізгі мөлшерлеменің қазіргі деңгейі тым жоғары деген пікірлері аясында 1,6%-ға (5,13-тен 5,21-ге дейін) әлсіреді, мұны талдаушылар монетарлық саясатқа араласу ретінде қарастырады және ОБ-ның тәуелсіздігіне күмән тудырады. Ұлттық валюта кеңесі ОБ мен президент арасындағы шиеленісті бәсеңдету мақсатында инфляцияның нысаналы көрсеткіштерін тезірек қайта қарау мүмкіндігін қарастыруда;
  • Оңтүстік Африка ранды елдегі энергетикалық дағдарысқа байланысты төтенше жағдай туралы хабарландыру аясында 2,2%-ға (17,48-ден 17,86-ға дейін) әлсіреді. Үкімет өзінің күн энергиясын өндіретін кәсіпорындар мен үй шаруашылықтарына салық жеңілдіктерін жоспарлап отыр;
  • Ресей рублі бюджет тапшылығының (2023 жылғы қаңтардың қорытындысы бойынша 1,8 трлн рубль) өсуі аясында 4%-ға (70,6-дан 73,39-ға дейін) әлсіреді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктер 2022 жылы 1 237 250 теңге сомасына 391 жалған ақша белгісін, оның ішінде 386 банкнот пен 5 монетаны анықтаған болатын. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 24,7%-ға төмен (1 577 400 теңге сомасына 519 жалған ақша белгісі).
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны