23.11.2022, 16:21 20126

Қазақстанда ШОБ тексерулеріне мораторий 2023 жылға дейін ұзартылады

Қазақстанда ШОБ тексерулеріне мораторий 2023 жылға дейін ұзартылады
Сурет: Depositphotos
Астана. 23 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий 2023 жылдың соңына дейін ұзартылады, деп хабарлады бүгін Мәжіліс аясында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.
 

Біз шешім дайындадық, оны Мемлекет басшысы қабылдады. Осылайша, ШОБ тексерулеріне мораторий 2023 жылдың соңына дейін ұзартылады", - деп атап өтті министр.

 
Бұл ретте, оның айтуынша, ШОБ субъектілері тарапынан теріс пайдалану болмауы тиіс.
 

Егер ШОБ субъектісінің қызметі халықтың өмірі мен денсаулығына әсер етсе, мемлекеттің бірінші басшының шешімі бойынша тексеруге шығуға әрқашан құқығы бар", - деді министр.

 
Естеріңізге сала кетейік, кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді, оның қолданысы 2023 жылдың 1 қаңтарында аяқталуы тиіс еді.
 
Ерекшелік іс-әрекеттерінде картель белгілері көрінетін мемлекеттік сатып алуларға қатысушылар үшін болды.
 
Бұған дейін Ұлттық экономика министрлігі бизнесті тексеруге мораторийді 2024 жылға дейін ұзартуды ұсынған болатын.
 
ҚР Премьер-Министрі заңнаманы бизнеске қойылатын артық талаптардан тазартуды жеделдетуді тапсырды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны