22.12.2021, 17:32 43966

Қазақстан Ресейден 281 мың тонна дизель отынын импорттады

Премьер-Министр осы жылдың соңына дейін Отын-энергетика кешенін дамытудың 2030 жылға дейінгі өзектендірілген тұжырымдамасын қабылдауды тапсырды.
Қазақстан Ресейден 281 мың тонна дизель отынын импорттады
Сурет: lada.kz
НҰР-СҰЛТАН. 22 ЖЕЛТОҚСАН - Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысы барысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев нарықты дизель отынымен қамтамасыз ету үшін қабылданған шаралар туралы айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Энергетика министрлігі басшысының айтуынша, ағымдағы жылы жанар-жағармай нарығында тапшылыққа жол бермеу үшін Қазақстан Ресейден 281 мың тонна дизель отынын импорттады.
 
Бұдан басқа, ішкі нарықты дизель отынымен қамтамасыз ету үшін мынадай шаралар қабылданды: 
 
 
 
- Павлодар мұнай өндеу зауытының жөндеу жұмыстары ағымдағы жылғы қыркүйектен қараша айына кейінге қалдырылды.
 
Өз кезегінде ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанның энергетика жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жедел жаңғырту және отын-энергетикалық кешеннің жаңа қуаттарын салу қажет екенін айтты.
 
Премьер-Министр осы жылдың соңына дейін Отын-энергетика кешенін дамытудың 2030 жылға дейінгі өзектендірілген тұжырымдамасын қабылдауды, 2022 жылғы 1 сәуірге дейін еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыру мәселелері бойынша кешенді шешім әзірлеуді тапсырды. 
 
Үкімет басшысы жаңа электр станцияларын жаңғырту мен салуды қаржыландыру тетіктерін әзірлеуді, мұнай-газ химиясы саласындағы жобаларды іске асыруды қамтамасыз етуді және "жасыл энергетиканы" дамыту жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды.
 
Естеріңізге сала кетейік, тамыз-қыркүйек айларында Қазақстанда дизель отынын тұтынудың нормадан тыс өсуі тіркелді. Мұның себебі оның төмен құны болды, бұл транзиттік ауыр жүк көліктерімен өнімнің кетуіне себеп болды, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ. Сарапшылар Қазақстан жанар-жағармайды арзан қазақстандық жанармай кеткен елдерден сатып алуға мәжбүр екенін айтты.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны