Система Orphus

Атырау мұнай өңдеу зауытын жөндеу мерзімін келесі жылға ауыстыру туралы шешім қабылданды

18.10.2021, 17:36 26461
Атырау мұнай өңдеу зауытын жөндеу мерзімін келесі жылға ауыстыру туралы шешім қабылданды
Сурет: ашық көздерден
АТЫРАУ. 18 ҚАЗАН - Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Атырау мұнай өңдеу зауытында дизель отынымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді. Ведомство басшысына ішкі нарықтағы ағымдағы жағдай туралы баяндалды, ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
 "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ деректері бойынша, отандық мұнай өңдеу зауыттары барынша жүктелген. Мұнай өнімдерінің негізгі түрлері бекітілген жоспардан асыра өндірілуде.
 

Айта кету керек, тамыз-қыркүйек айларында Қазақстанда дизель отынын нормадан тыс жоғары тұтынуы тіркелді. Бұның себебі, дизель отынының бағасы төмен болғандықтан, оның транзиттік жүк көліктерімен ағыны орын алды. Бүгінгі таңда осы жағдай қолмен басқару режиміне көшті. Энергетика министрлігі нарықты тез арада тұрақтандыру және сапалы отынмен қамтамасыз ету міндетін қойды. Күн сайын Шымкент зауытында шамамен 5,5 мың тонна дизель отыны, Атырау зауытында 4,4 мың тоннаға жуық дизель отыны өндіріледі", – деп хабарлады ұлттық компания басқармасы төрағасының орынбасары Данияр Тиесов.

 
14 күн ішінде екі зауыт 133 мың тонна дизель отынын өндірді, бұл жоспарлы көрсеткіштерден 4 мың тоннаға артық. Ағымдағы жылдың 9 айында үш МӨЗ-де барлығы 3,7 млн. тонна дизель отыны өндірілді.
 
Сонымен қатар Д. Тиесов қыркүйек айында егін жинау науқанына өтінімдер толығымен жабылғанын, оларға дизель отыны жеңілдікпен сатылғандығын атап өтті.
 
Сондай-ақ, кездесу барысында басқарма басшысына мұнай өнімдері нарығындағы қалыптасқан жағдайға байланысты Атырау мұнай өңдеу зауытын жөндеуді келесі жылға ауыстыру туралы шешім қабылданғанын хабарлады.
 
Ағымдағы жылдың 9 айында АМӨЗ 4 006 000 тонна мұнай өңдеп, 1 168 276 тонна дизель отыны, 935 738 тонна автомобиль бензинін өндіріп шығарды.
 
Өз кезегінде Энергетика министрі мұнай өңдеуші компаниялардың басшыларынан кәсіпорындардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді талап етті.
 

МӨЗ" басшылығы мен ұжымының бірінші кезектегі міндеті зауыттың сенімді және тұрақты жұмыс істеуі болып табылатынын ерекше атап өткім келеді. Зауыттың істен шығуына әртүрлі себептерді айтуға болады. Алайда елімізде мұндай жағдай енді қайталанбауы тиіс", - деді Мағзұм Мырзағалиев.

 
Басқарма басшысы автожанармай құю станциясында сатылатын дизель отынының сапасына да тоқталды.
 

ҚазМұнайГаздан" барлық жеткізу тізбегі бойынша МӨЗ-ден АЖҚС-қа дейін жанар-жағармай материалдарының сапасын бақылау жүйесі бойынша ұсыныстар енгізуді сұраймын", - деп қорытындылады министр.

 
Кеңес қорытындысы бойынша Мағзұм Мырзағалиев ұлттық компанияға барлық МӨЗ-дің тұрақты жұмыс істеуін, сондай-ақ Атырау МӨЗ-іне электр энергиясын үздксіз жеткізу бойынша шараларды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны