30.12.2022, 13:38 39411

Қазақстаннан тауарлар экспорты 50%-ға өсті - Ұлттық Банк

Мұнай экспорты мен газ конденсаты 63,4% өсіп, 36,4 млрд АҚШ долларын құрады
Қазақстаннан тауарлар экспорты 50%-ға өсті - Ұлттық Банк
Астана. 30 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Ұлттық Банк 2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша есептік төлем балансын қалыптастырды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі.
 

Төлем балансының ағымдағы шоты 8,0 млрдАҚШ долларкөлемінде профицитпенқалыптасты. Сонымен қатар, өткен жылы осы кезеңде 5,6 млрд АҚШ доллары тапшылығы байқалды", - делінген Ұлттық Банктің есебінде.

 
Ақпаратта ағымдағы шоттың теріс сальдодан оң аймаққа ауысуы профициті 29,2 млрд АҚШ долларына дейін өскен сауда балансының жақсаруына байланысты екені атап өтілді. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылдың сәйкес кезеңіндегі мәнімен салыстырғанда 15,7 млрд АҚШ долларға (екі есе) айтарлықтай өзгерген. Профициттің өсуі тауарлар экспортының импорттан асып түсетін өсу қарқынымен қамтамасыз етілген.
 

Сауда экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 48,4% өсіп, 64,2 млрд АҚШ долларына жетті. Тауарлардың экспорты тұрақты сыртқы сұраныспен және шикізатқа, атап айтқанда мұнайға әлемдік бағаның жоғары деңгейімен қамтамасыз етілді. Сондықтан, мұнай экспорты мен газ конденсаты 63,4% өсіп, 36,4 млрд АҚШ долларын құрады", - делінген есепте.

 
Тауарлар импорты, өз кезегінде, аралық (21,8%-ға немесе 3,1 млрд. АҚШ доллары) және азық-түлік емес тұтыну тауарлары (24,1%-ға немесе 1,6 млрд. доллар) импортының ұлғаюы есебінен 17,5%-ға өсіп, 35,0 млрд АҚШ долларына жетті.
 
Тікелей шетелдік инвесторлардың кірістері де есепті кезеңде 19,9%-ға (немесе 3,3 млрд АҚШ долларына) өсіп, 19,7 млрд долларды құрады. Тұтастай алғанда, тауарлар экспортының өсуі шетелдік инвесторларға кіріс төлемдерінің ұлғаюымен қатар жүреді.
 

Қаржы шотында (резервтік активтерді қоспағанда) 7,8 млрд АҚШ доллары көлемінде оң сальдоның қалыптасуы сыртқы активтердің ұлғаюын және резиденттердің сыртқы міндеттемелерінің төмендеуін білдіреді (2021 жылдың 9 айында 6,3 млрд АҚШ доллары көлемінде таза кіріс байқалды). Қаржы шотының оң сальдосы, негізінен, мемлекеттік сектордың операцияларымен қамтамасыз етіледі", - деп хабарлайды Ұлттық Банк.

 
Кеше Ұлттық банк сондай-ақ Қазақстанның халықаралық резервтері, сондай-ақ валюта, депозит және несие нарықтарының жай-күйі туралы есебін жариялады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны