Система Orphus

Алматыда электр желілерінің тозуы 60% құрады

11.08.2022, 17:26 15586
Алматыда электр желілерінің тозуы 60% құрады
АЛМАТЫ. 11 ТАМЫЗ - Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қалада электр жарығының жиі өшіп қалу себебін түсіндірді.
 
Әуезов ауданының тұрғыны қала әкімімен кездесуде "Достық" шағын ауданында электр энергиясының өшуі соңы бір ай ішінде жиілеп кеткенін атады.
 
Әкімнің айтуынша, қаладағы кейбір пәтерлерде электр желілері тозған. Бұл электр жарығының жиі өшіуіне алып келеді.
 

Олар менікін де өшіріп тастайды. Мен де пәтерде тұрамын, олар менің үйімді де күн сайын бірнеше рет электр энергиясынан ажыратады. Бұл "Алатау Жарық Компаниясының" мәселесі – желілердің тозуынан болып тұрғанын анық айта аламын. Бұл мәселе бүкіл қала бойынша бар. Алматының 60% электр желісі тозған", - деді әкім.

 
Ерболат Досаев бұған дейін "Алатау Жарық Компаниясы" мемлекеттік меншікке қайта өткенін мәлімдеген болатын.
 
Ақпарат көзі: abai.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны