08.04.2021, 19:40 9585

Қазақстанда наурыз айында тұрғын үй бағасы көтерілді

Наурызда жаңа тұрғын үйді сату бағасы бір шаршы метр үшін 324 493 теңгені, абаттандырылған тұрғын үйді қайта сату бағасы бір шаршы метр үшін 257 336 теңгені құрады.
НҰР-СҰЛТАН. 8 СӘУІР - Қазақстанда наурыз айында тұрғын үй бағасы көтерілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Бір айда (2021 жылғы наурыз 2021 жылғы ақпанға) абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату бағалары – 2%, жаңа тұрғын үйлерді сату 0,5% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,6% жоғары болды", - деп хабарлайды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы.

 
Наурызда жаңа тұрғын үйді сату бағасы бір шаршы метр үшін 324 493 теңгені, абаттандырылған тұрғын үйді қайта сату бағасы бір шаршы метр үшін 257 336 теңгені құрады. Абаттандырылған тұрғын үйді жалдау ақысы бір шаршы метр үшін 1725 теңгені құрады.
 
$1 = 430,8 теңге.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны