09.09.2021, 18:53 8322

Қазақстанда шағын және орта бизнесті қолдау үшін мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру ұзартылды

ҚР ҰЭМ мемлекеттік бағдарламалар аясында шағын және орта бизнесті қолдау туралы айтып берді.
НҰР-СҰЛТАН. 9 ҚЫРКҮЙЕК - Мемлекет басшысының "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты халыққа Жолдауында берген тапсырмасы бойынша Қазақстанда "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы шеңберінде шағын және орта бизнесті қолдау 2022 жылға дейін ұзартылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасының жобаларын қаржыландырудың жалпы сомасы 1 трлн теңге. Бұл ретте агроөнеркәсіптік кешендегі (бұдан әрі - АӨК) өңдеуге 300 млрд теңге, АӨК-тегі өндіруге 300 млрд теңге, өңдеу өнеркәсібі мен көрсетілетін қызметтерге 400 млрд теңге көзделеді", - деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

 
Айта кету керек, қаржыландыруды ҚР Ұлттық Банкі өз қаражаты және басқаруындағы қаражат есебінен ұсынады. Бағдарламаның операторлары –екінші деңгейдегі банктер және "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ.
 
Бұдан басқа, "Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы (бұдан әрі - БЖК-2025) өз жұмысын жалғастырады. 
 
Еске салсақ, "Қарапайым заттар экономикасы" 2019 жылдан бастап жүзеге асырылуда және ол кредит бойынша проценттік мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялауды және кредиттерге кепілдік беруді қарастырады. Соңғы қарыз алушы үшін мөлшерлеме 6%-ке дейін төмендетілді. Кредиттеу мерзімі 10 жылдан аспайды. Кредит сомасына шектеу жоқ.
 
 "БЖК-2025" бағдарламасымен 2020 жылдан бастап салалық шектеусіз жылдық 6% мөлшерлемемен, 5 жыл мерзімге, кредит сомасы 7 млрд теңгеге дейін жеңілдетілген кредит беріледі. "БЖК-2025"-ті қолдаудың негізгі қаржы құралдарына проценттік мөлшерлемені субсидиялау және кәсіпкерлердің кредиттеріне кепілдік беру, мемлекеттік гранттар беру, сондай-ақ бизнес жобаларына жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жеткізу кіреді. Кәсіпкерлерді қаржысыз қолдаумен бизнесті жүргізуді оқыту және болашақ және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді консультациялық сүйемелдеу бойынша жобалар кешені көзделген.
 
 "БЖК-2025" және "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламаларын іске асырудың барлық кезеңінде шағын және орта кәсіпорын субъектілері 106 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құрған. 36 трлн теңге сомасына өнімдер мен қызметтер шығарылып, жалпы сомасы 2,3 трлн теңгеге бюджетке салық төленді.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны