29.09.2021, 18:33 26921

Қазақстанда алкоголь өнімдерін таңбалау тоқтатылды

Бұл ретте нарықтың жосықсыз қатысушылары мен заңсыз өнімдер салықтық және азаматтық бақылау арқылы анықталатын болады.
НҰР-СҰЛТАН. 29 ҚЫРКҮЙЕК - Алкоголь өнімдерін таңбалау және қадағалау бойынша қолданыстағы пилотты жою туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік Кірістер Комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ағымдағы жылғы 16 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ә. Смайыловтың төрағалығымен Қазақстан Республикасында тауарларды таңбалау және қадағалау мәселелері бойынша кезекті кеңес өтті. Атап айтқанда, сүт өнімдерін, темекі және алкоголь өнімдерін таңбалау және қадағалау бойынша пилоттық жобаны іске асыру мәселелері қаралды.
 
Кеңес барысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Ә. Смайылов тауарларды таңбалау жүйесі бөлшек сауда сатушылары-шағын бизнеске белгілі бір ауыртпалық әкелетінін атап өтті.
 

Аталған кеңестің қорытындысы бойынша Қаржы министрлігіне темекі өнімдерін таңбалауды өндірушілер/импорттаушылар және көтерме саудада өткізушілер деңгейінде ғана жалғастыру тапсырылды. Бұл ретте бөлшек сауда сатушыларына тауарларды 2D сканерлерді сатып алмай және қолданбай таңбалау жөніндегі бірыңғай оператордың ақпараттық жүйесінде алғанын растау жеткілікті болады. Осылайша, шағын бизнеске қосымша қаржылық және әкімшілік жүктеме алынып тасталады", - деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитетінде.

 
Сондай-ақ алкоголь өнімдерін таңбалау және қадағалау бойынша қолданыстағы пилотты жою туралы шешім қабылданды, бұл ретте нарықтың жосықсыз қатысушылары мен заңсыз өнімдер салықтық және азаматтық бақылау арқылы анықталатын болады.
 
Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осы кеңес барысында айтылған шешімдерді толық қолдады.
 
Сонымен қатар, тұтынушыларды контрафактілік өнімдерді тұтынудан қорғау мақсатында Сауда және интеграция министрлігіне тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесінің оң жақтары туралы түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды, деп атап өтті ведомтсвода.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны