12.11.2021, 18:58 90532

Қытай Қазақстан бағытындағы теміржол құрамдарының санын арттырып, тұрып қалған жүктерді қабылдауға ниетті

Мемлекеттік кірістер комитетінде Қазақстан мен Қытайдың мүдделі мемлекеттік органдары арасындағы COVID-19 жағдайында Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттерінің жұмыс істеуі туралы өткен келіссөздердің нәтижесі туралы хабарлады.
Қытай Қазақстан бағытындағы теміржол құрамдарының санын арттырып, тұрып қалған жүктерді қабылдауға ниетті
НҰР-СҰЛТАН. 12 ҚАРАША - ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде Қазақстан мен Қытайдың мүдделі мемлекеттік органдары арасындағы COVID-19 жағдайында Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттерінің жұмыс істеуі туралы өткен келіссөздердің нәтижесі туралы хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қытай тарапы жақын арада ҚР бағытындағы теміржол құрамдарының санын арттыру және қазақстандық тарапта тұрып қалған жүктерді қабылдау ниетін растады.
 
Келіссөздер барысында Тараптар көліктік-коммуникациялық өзара байланысты және аймақаралық байланыстарды нығайтуға, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың сапасын арттыруға жәрдемдесуге бағытталған бұрын жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды ұстанатындықтарын растады.
 
Келіссөздер нәтижесінде Тараптар Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасының автомобиль және теміржол өткізу бекеттерінде өткізу қабілетін арттыру, автокөлік құралдары мен жүктерге қатысты эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу бойынша бірлескен шаралар қабылдау туралы уағдаласты.
 

Қытай тарапы қытайлық тараптағы "Қалжат" - "Дулаты" өткізу бекетінің жұмысын қалпына келтіру үшін өткізу пунктінің эпидемияға қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша құрылыс жұмыстары жүргізілуі керек екенін атап өтті. Бұл ретте ҚХР ШҰАА Халық үкіметі санитарлық – эпидемиологиялық бақылаудың қатаң шаралары сақталған жағдайда Қазақстан-Қытай шекарасындағы "Майқапшағай" - "Зимунай" автомобиль өткізу бекетінің қызметін қалпына келтіруге дайын екендігін хабарлады", - деді ҚР МКК баспасөз қызметінде.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны