01.02.2022, 17:59 11111

Шаршы метр құрылысынан жайлы ортаны қалыптастыруға дейін - ИИДМ тұрғын үй саясатындағы өзгерістер туралы айтты

Тұрғын үй саясаты тұрғын үй құнын төмендетуге, құрылыс материалдары өндірісін дамытуға, құрылыс саласындағы ашықтыққа бағытталатын болады.
НҰР-СҰЛТАН. 1 АҚПАН - Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында тұрғын үй саясатындағы жаңа тәсілдер туралы айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Тұрғын үй саясаты тұрғын үй құнын төмендетуге, құрылыс материалдары өндірісін дамытуға, құрылыс саласындағы ашықтыққа, инженерлік-коммуналдық желілерді ауқымды тексеруге және заманауи урбанистика мен жұртшылықтың пікірін ескере отырып, қалаларды дамытуды жоспарлауға бағытталатын болады, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.
 

Биылғы жылдан бастап жер ресурстарын тиімді пайдалану, көше-жол желісін дамыту және қоғамдық кеңістіктердің сапасын арттыру есебінен жинақы және алуан түрлі құрылыс салу арқылы "шаршы метр құрылысынан" жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға көшу жоспарда бар. Азаматтардың тұрғын үй мәселелерін шешудің негізгі тәсілдері субсидиялар, тұрғын үйді жалға алуға арналған тұрғын үй төлемдері, құрылыс салушылардан дайын тұрғын үйді сатып алу, "ескі орамдарды" реновациялау, проблемалық объектілерді аяқтау арқылы мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктері болады", - деді ИИДМ басшысы Үкімет отырысында.

 
Оның айтуынша, бүгінгі таңда құрылыс саласында 46 476 кәсіпорын жұмыс істейді, оларда жұмыспен қамтылғандар саны – 641 мың жұмыскер мен маман. Жұмыс орындарын сақтау және ұлғайту жөніндегі саясатты одан әрі жалғастырылады.
 

Тұрғын үй және құрылыс материалдары құнының қымбаттауына жол бермеу үшін Министрлік үш бағытта жұмыс жүргізіп жатыр: Біріншісі – құрылыс саласын цифрландыру. Екіншісі – баға белгілеу жүйесін жетілдіру және құрылыстағы бақылауды күшейту. Үшіншісі – құрылыс материалдары өндірісін дамыту", - деп атап өтті Өскенбаев.

 
Тұрғын үй саясатындағы жаңа тәсілдер туралы айта келе, министр 2021 жылдың қорытындысы бойынша республикамызда 17,1 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй салынғанын атап өтті. Бұл 151 мың азаматқа өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мүмкіндік берді.
 
ИИДМ ақпараты бойынша, тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 19%-ға өсіп, 2,4 трлн теңгені құрады. Осыны ескере отырып, биылғы жылға тұрғын үйді пайдалануға берудің жылдық көлемін 17 млн шаршы метр деп белгілеу ұсынылады.
 

Бүгінгі таңда құрылыс саласында 46 476 кәсіпорын жұмыс істейді, оларда жұмыспен қамтылғандар саны – 641 мың жұмыскер мен маман. Біз жұмыс орындарын сақтау және ұлғайту жөніндегі саясатты одан әрі жалғастырамыз", — деп сендірді Қ. Өскенбаев.

 
Сөз сөйлеу барысында Өскенбаев сондай-ақ құрылыс саласына объектілер құрылысы құнының көтерілуін болдырмауға және тұтастай алғанда экономиканың маңызды саласын барынша ашықтықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін базалық цифрлық құралдарды енгізу туралы хабардар етті.
 

Құрылыс саласын цифрландыру бойынша ақпараттық модельдердің мемлекеттік банкі жүйесі енгізіліп жатыр, ол құрылыс объектілерін онлайн форматта, оның ішінде ақпараттық модельдеу технологияларын қолдана отырып модельдеуге мүмкіндік береді", — деп баяндады Қ. Өскенбаев.

 
Өз кезегінде "Е-Құрылыс" жүйесі онлайн-режимде қазаншұңқыр қазудан бастап пайдалануға беруге дейінгі барлық кезеңдегі құрылыс процесін бақылауға мүмкіндік береді. 
 
Үлестік қатысу шарттарын есепке алу үшін "Қазтізілім" жүйесі енгізілді. Ол жосықсыз құрылыс салушылардан үлестік құрылыс бойынша тұрғын үй сатып алу қауіп-қатерін барынша азайтады. 
 

Е-Шаңырақ" платформасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық субъектілерінің бірыңғай жүйесі және тұрғын үй қорын басқарудың ашықтығын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына мониторинг пен талдау жүргізуді қамтамасыз етеді. 

 
Жалпы, министрдің айтуынша, саланы цифрландыру бойынша қабылданып жатқан шаралар бюрократияны төмендетеді және құрылыстағы рәсімдерді жеңілдетеді.
 

Мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың инвестицияларының қатысуымен бір ғана объектілердің құнын арттыруды болдырмау үшін мемлекеттік сараптама порталында онлайн-калькулятор енгізе отырып, құрылысқа жұмсалатын шығындардың шекті лимиттері белгіленді", — деді Қ. Өскенбаев.

 
Оның айтуынша, бірегей сметалық бағалар, сметалық бағалардың анықтамалары әзірленеді. Бұл өңірлер бойынша сол бір объектілерді салу құнының ауытқуын, сондай-ақ жобалау және жобалау-сметалық құжаттаманы сараптау кезеңдерінде жобалардың сметалық құнының артуын болдырмайды.
 
Рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету, сапасын арттыру және одан әрі жеңілдету үшін ҚР ИИДМ-ге құрылыс саласын реттеуге цифрлық технологияларды енгізу бойынша заң жобасын осы жылғы 1 сәуірге дейін Үкіметке енгізу тапсырылды. 
 

Құрылыс маусымын уақытылы бастаудың маңызы зор. Ол үшін өңір әкімдері күн жылынған соң құрылыс жұмыстарын барынша тездету үшін ерте бастан жер телімдерін бөлуді, жобалық құжаттарды әзірлеуді, қажетті инфрақұрылымды жүргізуді қамтамасыз етуі тиіс", — деді Ә. Смайылов.

 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны