10.03.2022, 17:12 28771

Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий көлік бағдарын дамыту мәселелерін талқылады

Бакуде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Әзербайжанның Цифрлық даму және көлік министрлігінің өкілдері арасында кездесу өтті.
НҰР-СҰЛТАН. 10 НАУРЫЗ - Бакуде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Әзербайжанның Цифрлық даму және көлік министрлігінің өкілдері арасында кездесу өтті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ИИДМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде Ресей мен Украинадағы жағдайға байланысты Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ) биылғы тасымал көлемі, теміржол учаскелері және Каспий теңізі арқылы өткізу мүмкіндіктері талқыланды. Сонымен қатар, шекаралық өткізу бекеттері мен теңіз порттарының әлеуеті, қосымша жүк ағынын ТХКБ-ға бағдарлау үшін қолайлы жағдайлар жасау жайы сөз болды. Сондай-ақ, жобаға қатысушылар арасында бірлескен кәсіпорын және аталған бағытты дамыту үшін Орта дәліз құру мәселесі қозғалды", - деп хабарлайды ИИДМ.


ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев отандық экспорттаушылардың жүктерін осы бағытқа бағдарлау жайына тоқталып, еліміз қазірдің өзінде экспортқа бағытталған жүктің 2 млн. тоннасын тасымалдауға дайын екенін атап өтті.

Бірлескен кәсіпорын құру арқылы тарифтерді белгілеу және жүктерді декларациялау мәселелерін шешуге, бірыңғай IT шешімдерді қолдануға және транзиттік жүктерді шоғырландыруға мүмкіндік береді.

Берік Камалиев сонымен қатар ТХКБ бағытында автокөлікпен жасалатын жүк тасымалдарын бірлесіп дамытуды ұсынды.

Кездесу қорытындысында тараптар транзитті дамыту жөніндегі жұмыс тобын құру жөнінде шешім қабылдады. Ол бірлескен кәсіпорын құрумен жедел айналысады.

Сонымен қатар, вице-министр Берік Камалиев Әзербайжан тарапына екі ел арасында қатынайтын әуе рейстері санын көбейту мәселесін қарастыруды ұсынып, Әзербайжанның Цифрлық даму және көлік министрі Рашад Нәбиев оған қолдау білдірді.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны