16.09.2022, 15:36 15376
Досаев: Алматыдағы жерлердің басым бөлігі жеке тұлғаларға тиесілі
Достарға айту
Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Өңірлік кеңестің төрағасы Максим Барышев мегаполиске қосылған жаңа аудандарда көптеген шаруа қожалықтарынын жері бар екенін айтты. Бұл жерлер нысаналы мақсатқа бағытталған, соны өзгерту керек.
Алматы қаласы әкімдігінің мемлекеттік жер қоры нөлге тең. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту үшін жер сатып алуға мәжбүрміз. Қаланың бас жоспары 2002 жылы қабылданған. Содан бері қаланың аумағы бірнеше есеге ұлғайды, тек ЕТЖЖ (егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы) ғана өзгерді. Егер біз жоспарлағандай, қаланың бас жоспары болмаса, бұл мәселелер қала береді. Бұл құжат, кодекс, соған сәйкес қала дамуы керек. Негізді арыздар мен шағымдар бар, бірақ мен көп шешім қабылдай алмаймын. Кәсіпкерлер бізге көпқабатты тұрғын үй салу үшін арнайы мақсатпен келеді, алайда инфрақұрылым жоқ. Осы себепті біз қазір жер телімдерін, инфрақұрылым желілерін, тағы басқасын толық түгендеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Біз алдымен құжат қабылдауымыз керек, соған сәйкес әзірлейміз. Қаланың үздік жобаларын қабылдау үшін жер аукциондарын да, сәулет байқауларын да өткізуге дайынмын. Алайда оларды қалай жүргізу керектігін ешкім білмейді, сондықтан қазір осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз", - деп жауап берді Ерболат Досаев.
Алматы әкімі қаладағы жердің басым бөлігі жеке тұлғаларға тиесілі екенін атап өтті.
Мен заң аясында жұмыс істеуге, жерді қала ресурсына қайтару үшін шешімдер іздеуге дайынмын. Мемлекет басшысы ЖЭО-2 жанынан 104 гектар жерді сатып алу туралы өтінішімді қолдады", - деп қосты қала әкімі.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
05.12.2025, 17:03 5796
Еліміздің ішкі жалпы өнімі алғаш рет 300 миллиард доллардан аспақ - Тоқаев
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Алтын сапа" және "Парыз" сыйлығының лауреаттарын, "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде айтты, деп хабарлайды Inform.kz.
-Бәсекеге қабілетті бизнес- кез келген мемлекеттің тірегі. Биыл Қазақстан экономикасының өсімі 6 пайыздан асады деп болжануда. Бұл- соңғы онжылдағы ең жоғары көрсеткіш. Еліміздің ішкі жалпы өнімі алғаш рет 300 миллиард доллардан аспақ.Өздеріңіз білесіздер, қазір біз инфрақұрылымды дамытуға, экономиканы әртараптандыруға баса мән беріп жатырмыз.Сондықтан Үкімет дайын өнім экспортын арттыру ісімен белсенді түрде айналысуы қажет. Қазіргі таңда бұл салада біраз жетістіктеріміз бар,- деді Президент.
Президент шикізаттық емес экспорт көлемі 2 есеге жуық ұлғайғанын айтты.
- Өңдеу өнеркәсібіндегі қосымша құн көлемі бес жылда 25 пайыздан астам өсті. Бұл - тау-кен саласынан едәуір жоғары көрсеткіш. Соңғы жылдары негізгі капиталға тартылған инвестиция 70 пайызға көбейді. Нақты сектордағы еңбек өнімділігі 40 пайызға артты.Шикізаттық емес экспорт көлемі 2 есеге жуық ұлғайды.
Тауарын шетелге өткізетін кәсіпорындар саны 3 есе көбейді. Соның арқасында бүгінде өнімдеріміз 140 мемлекетке шығарылады. Қазақстан тауарлары әлемдік нарықтан өз орнын алып жатыр деп күмәнсіз айтуға болады. Осы орайда, шағын және орта бизнестің рөлі айрықша екені сөзсіз.
Жалпы, еліміздегі кәсіпкерліктің даму қарқыны- белсенді, бүгінде олардың экономикадағы үлесі 40 пайызға жетті.
Бес жылда шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1,5 есе артты, алшығарылатын өнім көлемі 2,5 есе көбейді. Елімізде жұмыс істейтін азаматтардың жартысына жуығы, яғни 4,5 миллион адам бизнес саласында еңбек етеді,- деді Мемлекет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.12.2025, 19:12 11941
Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі үкіметтік штаб экономиканың базалық салаларын дамытудың алдын ала қорытындыларын шығарды
Достарға айту
Вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалық етуімен өткен экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында базалық салаларды дамытудың жыл қорытындысындағы алдын ала болжамы қаралды. Өсу драйверлері бұрынғыдай өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және азық-түлік өндірісі болып қала бермек, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Өңдеу өнеркәсібі
10 ай бойы сала тұрақты серпінмен дамуда.
Машина жасауда (өңдеудегі үлесі - 17,5%) 11 айдың қорытындысы бойынша 14%, жыл қорытындысы бойынша 16,3% өсім болжануда.
Химия өнеркәсібінің өсуі (өңдеудегі үлесі - 5,4%) жыл қорытындысы бойынша 8% деңгейінде болмақ.
Өңдеу саласында нақты көлемнің 40%-дық өсімін қамтамасыз етіп отырған металлургия өткен жылмен салыстырғанда 0,7%-ға артты. 11 айдағы болжам - 0,8%, жыл қорытындысы бойынша 1,1%.
Жалпы, өңдеу өнеркәсібіндегі жылдық өсу болжамы - 6,2%. Бұл жоспардан 0,8 пайыздық тармаққа жоғары.
Құрылыс
Алдын ала бағалаулар бойынша, жыл соңына дейін 19,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,4%-ға артық. Жыл қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 10,4 трлн теңге деңгейінде болады деп күтілуде, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 15%-ға артық.
АӨК-тегі қайта өңдеу
АӨК-тегі қайта өңдеу секторы 10 айда 9,1% тұрақты өсім көрсетіп отыр. Оған ұн және май өнеркәсібі көп үлес қосуда.
Ұн өндірісі 7%-ға - 2,6 млн тоннадан 2,8 млн тоннаға дейін артты. Өсімдік майын өндіру көлемі 21,7%-ға - 596 мың тоннадан 726 мың тоннаға дейін өсті.
Жалпы АӨК секторында қайта өңдеудегі негізгі капиталға салынатын инвестиция 60%-ға, қайта өңделген өнім экспорты 32,4%-ға өсті.
11 айдағы өсу болжамы - 9,2%, жыл қорытындысы бойынша - 9,3%, жоспар бойынша-4,5%.
2026 жылға АӨК-тегі өңделген өнімі үлесін 70%-ға арттыру міндеті қойылды.
Талқылау қорытындысында Серік Жұманғарин Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне металлургияның дамуына әсер ететін сыртқы және ішкі факторға талдау жүргізіп, өндіріс пен инвестицияның тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныс беруді; Құрылыс істері жөніндегі комитетке құрылыс саласын одан әрі дамыту жөнінде ұсыныс дайындауды; Ауыл шаруашылығы министрлігіне АӨК-тегі өңделген өнім үлесін 2026 жылы 70%-ға дейін жеткізу мақсатын ескере отырып, қайта өңдеу көлемін қосымша ұлғайту жөнінде ұсыныс беруді тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.12.2025, 17:51 12306
Доллар бағамы 499 теңгеге дейін түсті
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазан айынан бастап теңгенің долларға шаққандағы айырбастау бағамы 499-500 теңге деңгейіне дейін (9%-ға) тұрақты нығайғаны байқалып отыр. Ұлттық валютаның нығаюы қолайлы сыртқы жағдайлардың және дәйекті макроэкономикалық саясат пен инвесторлар тарапынан жақсарған күтулердің үйлесім тапқанын көрсетеді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
Мұнайдың әлемдік бағасы барреліне 60 АҚШ долларынан жоғары деңгейде тұрақты сақталып тұр. Сонымен қатар АҚШ Федералды резерв жүйесінің мөлшерлемені төмендету циклі жаһандық доллар индексінің 8,3%-ға әлсіреуіне және жыл басынан бері дамушы нарықтардағы валюталар индексінің 8,3%-ға нығаюына ықпал етті. Осы жағдайлардың аясында дамушы елдердің активтеріне, соның ішінде Қазақстан нарығына деген халықаралық инвесторлардың қызығушылығы жоғары деңгейде сақталып отыр.
Инфляциялық қысымды төмендетуге және макроэкономикалық ортаның болжамды болуын еселеуге бағытталған Үкімет пен Ұлттық Банктің үйлесімді саясаты теңгенің нығаюына айтарлықтай үлес қосты.
Атап айтқанда, Үкімет, Ұлттық Банк және Агенттік 2026-2028 жылдарға арналған макроэкономиканы тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі Бірлескен іс-қимыл бағдарламасын іске асырып отыр. Аталған бағдарлама сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерімсіздікті жоюға, бюджет шығыстарының тиімділігін арттыруға, микро- және макропруденциалды реттеу шараларын іске асыруға, халықтың нақты табысын өсіруге және инфляцияны төмендету мен тұрақтандыру арқылы орнықты экономикалық өсімге жағдай жасауға бағытталған.
Ұлттық Банктің дәйекті шешімдері нарыққа қатысушылардың сенімін күшейтті. Қалыпты қатаң ақша-кредит саясаты инфляциялық күтулердің қайта қаралуына және теңгедегі құралдардың нақты кірістілігін арттыруға себеп болды. Бұл өз кезегінде олардың тартымдылығын, соның ішінде бейрезиденттер үшін едәуір күшейтті.
Қазан айының басынан қараша айының соңына дейінгі кезеңде бейрезиденттердің ҚР Мемлекеттік бағалы қағаздарына (МБҚ) салған портфельдік инвестициялары 1,1 млрд АҚШ долларына ұлғайып, тарихи максимум саналатын 3,6 млрд АҚШ долларына жетті. Жыл басынан бері өсім 1,5 млрд АҚШ долларын құрады.
Бұл, өз кезегінде, қисықтың ұзын бөлігінде Қаржы министрлігінің қарыз алу құнын 1 пайыздық тармақтан аса төмендетуге ықпал етті: желтоқсан айында 9 жылдық МБҚ 16,1%-бен орналастырылды (қазанда - 17,2%).
Шетелдік инвесторлар тарапынан шетел валютасының өспелі ұсынысы теңгенің нығаюына тікелей фактор болды. Сыртқы қолайлы ахуал да қосымша қолдау көрсетті.
Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын дамыту бойынша Ұлттық Банктің жүйелі жұмысы - операциялардың ашықтығын арттыру, кірістілік қисығын қалыптастыру, бейрезиденттер үшін қолжетімділік пен есеп айырысу рәсімдерін жетілдіру - нарықтың сапалы негізін қалыптастырып, шетелдік инвесторлардың қызығушылығын қолдап отыр.
Сонымен қатар, ұлттық валютаның нығаюы инфляцияны тұрақтандыруда маңызды фактор саналады. Тұтыну себетінде импорт үлесін ескере отырып, теңгенің нығаюы сыртқы баға қысымының ішкі бағаларға берілуін шектейді.
Осылайша, айырбастау бағамының қазіргі динамикасы экономикалық саясаттың сапасы жақсарғанын және мейілінше болжамды макроорта қалыптасқанын көрсетеді (ақша-кредит және салық-бюджет саясатының үйлестірілуі), соның нәтижесінде жаһандық инвесторлар Қазақстанды оң бағалап, елге портфельдік инвестициялардың келуіне жол ашты.
Ұлттық Банктің бірізді әрі қалыпты қатаң ақша-кредит саясаты баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге берілген маңызды сигнал саналады. Бұл өз кезегінде инвесторлардың теңгемен бағаланатын құралдарға сенімін күшейтеді.
Ұлттық Банк еркін өзгермелі айырбас бағамы режимін сақтайды және теңге бағамының екіжақты қисынды құбылмалылығына жол береді. Валюта нарығындағы жағдай тұрақты бақылауда. Қазіргі уақытта Ұлттық Банк алыпсатарлыққа қатысты белсенділікті және оған араласуға итермелейтін қандай да бір факторларды байқап отырған жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.12.2025, 16:33 17021
Вице-премьер Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен Қызылорда облысында "Ауыл аманаты" жобасының жүзеге асырылу барысы талқыланды
Достарға айту
Қызылорда облысында 447 мыңға жуық тұрғын (53%) ауылдық жерлерде тұрады. Жоба басталғалы бері ауылдарда 782 жоба жүзеге асырылып, 1,1 мың жұмыс орны ашылды. Биылға 5,5 млрд теңге бөлінді. Әсіресе өнімді өндіруден бастап өткізуге дейін толық циклмен жұмыс істейтін қайта өңдеу кәсіпорындарын қолдауға басымдық беріліп отыр, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
2026-2028 жылдары ауылдарды дамыту жұмыстарын одан әрі күшейту үшін жалпы 450 млрд теңге бөлу жоспарланған. Оның 21,2 млрд теңгесі Қызылорда облысына тиесілі. Аталған қаражат есебінен 1 мыңнан аса жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Бұл өңірдің ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті кеңейту мен кооперацияны дамытуға зор әлеуеті бар екенін көрсетеді.
Жиында кооперативтерді басым бағыт ретінде қолдау мәселесі де жеке қаралды.
Мемлекет басшысы жақында өткен ауыл әкімдерінің диалог-платформасында ауыл экономикасының тұрақты дамуы тікелей кооперативтердің тиімді жұмысына байланысты екенін атап өтті. Кооперативтерді құру процесі еліміз бойынша белсенді жүргізілуі тиіс, ал облыс әкімдіктерінің үйлестіру жұмысы қатаң бақылауда болуы қажет", - деді Қанат Бозымбаев.
Вице-премьер Ауыл шаруашылығы министрлігіне Ұлттық экономика министрлігімен және облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп, екі апталық мерзімде ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруды ынталандыруға бағытталған қажетті шараларды пысықтауды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.12.2025, 11:51 19431
Серік Жұманғарин Азия даму банкінің Орталық және Батыс Азия бойынша бас директорымен кездесті
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Азия даму банкінің (АДБ) Орталық және Батыс Азия бойынша бас директоры Лея Гутьерреспен кездесті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Серік Жұманғарин Лея Гутьерресті жылы қарсы алып, осы жылғы шілдеде қызметке тағайындалуымен құттықтады. Ол 1994 жылдан бері жалғасып келе жатқан көпжылдық әріптестіктің маңызын атап өтті.
Азия даму банкі біз үшін стратегиялық әріптес. Ынтымақтастық кезеңінде Банк көлік, энергетика, ШОБ, цифрлық даму, әлеуметтік бірқатар маңызды жобаны қаржыландырды. Бүгінгі кездесу әріптестігімізді одан әрі нығайтуға, жаңа перспективалық бастамаларды жүзеге асыруға ықпал ететініне сенімдіміз. АДБ-ның Қазақстан бойынша 2023-2027 жылдарға арналған елдік стратегиясының негізгі басымдықтары біздің ұлттық басымдыққа толық сәйкес келетінін атап өткім келеді. Қазақстан бұдан әрі де осы стратегияны тиімді жүзеге асыруды қолдамақ", - деді ол.
Ынтымақтастық орнаған сәттен бастап АДБ Қазақстанға техникалық көмек пен грант түрінде $7 млрд-тан аса қарыз берді.
Өз тарапынан Лея Гутьеррес қазақстандық тарапқа сындарлы диалог үшін алғыс білдіріп, АДБ Жарғысына түзету бойынша дауыс беру кезінде Қазақстанды қолдаудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Қажетті дауыс беру шегіне жетудің нәтижесінде түзету Банктің кредиттеудің жиынтық көлемін 50%-ға - $36 млрд-тан асыруға мүмкіндік береді. Оның айтуынша, бұл шешім АДБ-ның дамушы мүше елдердің дамудағы басым міндеттерін шешудегі күш-жігерін қолдауды едәуір кеңейтеді.
Біздің ынтымақтастығымыздың барысында 1994 жылдан бастап АДБ Қазақстанға $7 млрд-тан көп қаражат берді. Біз дәстүрлі бағытта да, жаңа секторда да әріптестікті одан әрі арттыруға сенеміз", - деп атап өтті ол.
Ол сондай-ақ биыл АДБ стратегиялық материалдардың құн тізбегін қолдауға арналған аса маңызды минералдар саласындағы жаңа саясатты жүзеге асыруға кіріскенін хабарлады. Банк осы салада тұрақты әлеуеті бар Қазақстандағы жаңа жобаларды зерделеуге дайын.
Вице-премьер сондай-ақ Қазақстан Үкіметі АДБ, ЕАДБ, ЕҚДБ және Дүниежүзілік банкті қосқанда, халықаралық қаржы ұйымдарының үздік әлемдік тәжірибесі мен ұсынымдарын ескере отырып, МЖӘ туралы заңнаманы жетілдіруде жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлады.
Соңында тараптар көлік және өнеркәсіптік инфрақұрылымда, технологияда, энергетикада, сыни материалдар саласында, тұрғын үй құрылысында және басқа да сектордағы ынтымақтастықтың ағымдағы және перспективалық бағытын талқылады.
Анықтама:
Азия даму банкі (АДБ) - 69 мүше елден тұратын көпжақты даму қаржы институты. Оның 50-і Азия-Тынық мұхиты аймағында және 19-ы одан тыс жерде орналасқан. Қазақстан 1994 жылғы 19 қаңтарда АДБ мүшесі болды. АДБ-ның негізгі құралдары нақты жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру үшін мүше елдердің үкіметтері мен жеке секторына берілетін қарыздар, гранттар, техникалық көмек. 1994-2024 жылдар аралығындағы АДБ-ның Қазақстандағы инвестициялық жобалар мен техникалық көмекті қаржыландыру көлемі $7 млрд-тан асады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.12.2025, 23:12 32776
Қанат Бозымбаев пен Азия даму банкі басшылығы Қазақстандағы инвестициялық жобалардың іске асырылуын талқылады
Достарға айту
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Азия даму банкінің Орталық және Батыс Азия өңірі бойынша Бас директоры Лея Гутьерреспен кездесті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында сумен жабдықтау, су бұру, энергетикалық жүйеге көшу, апаттық тәуекелдерді сақтандыру және басқа да бағыттар бойынша инвестициялық жобалар талқыланды.
Су ресурстары және ирригация министрлігі АДБ-мен бірлесіп Ақмола облысындағы Есіл өзенінде Есіл контрреттегішін салуды қаржыландыру мәселелерін пысықтап жатыр. Сондай-ақ Жезқазған, Сәтбаев, Степногорск және Балқаш қалаларында кәріз-тазарту нысандарын іске асыру бойынша бірлескен жұмыс жалғасуда. Сондай-ақ Банк өкілдері энергетика және коммуналдық секторларды жаңғыртуға бағытталған Ұлттық жобаға қатысуға қызығушылық танытты.
Тараптар ұзақ мерзімді серіктестіктің перспективаларын жоғары бағалап, әрі қарайғы нәтижелі ынтымақтастыққа үміт білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.12.2025, 22:31 33016
Ақмола облысы астықтың жалпы жиналымы бойынша елімізде көшбасшылар қатарына шықты
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Биылғы орақ науқаны соңғы жылдардағы ең нәтижелі науқандардың бірі болып, Ақмола облысын астықтың жалпы жиналымы бойынша еліміздің көшбасшылары қатарына шығарды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Орташа өнімділік 16,3 ц/га болып, облыста 7,6 млн тоннадан астам астық бастырылды. Жиналған астықтың 70%-дан астамы үшінші санат талаптарына сай келеді, бұл өңірдің дәстүрлі және жаңа экспорттық бағыттардағы позициясын күшейтеді.
Қазақстандық селекциядағы "Ақмола-2", "Астана-2" және "Айна" тұқымдары қолданылған шаруашылықтарда орташа өнімділік гектарына 30 центнерден асты, ал "Максимовское" ЖШС-де 41,2 ц/га-ға жетті. Жоғары көрсеткіштерге минералды тыңайтқыштарды, элиталық тұқымдарды және өсімдікті қорғау құралдарын кеңінен қолдану есебінен қол жеткізілді.
Ақмола облысы егіс алқаптарын әртараптандыру бойынша да көшбасшылар қатарында. Биыл майлы дақылдар алқабы алғаш рет 500 мың гектарға жетті - бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп.
Бұдан бөлек, жыл басынан бері облыста 1 трлн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. Жыл қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 1,2 трлн теңге деңгейінде болады деп күтілуде.
Өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерінің терең өңдеу үлесін арттыру мақсатында халықаралық қатысумен бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр. Солардың бірі - әлемдік Dalian Hesheng Holdings холдингі тарапынан жүзеге асырылатын астықты терең өңдеу зауытының құрылысы. Шетелдік инвестициялар көлемі $1,8 млрд, өңдеу қуаттылығы жылына 3 млн тоннаға дейін жетеді. Жобаны 2028 жылы іске қосу жоспарлануда.
Биылғы қазан айында Шортанды ауданында Hopefull Grain компаниясының тағы бір астықты терең өңдеу кешенін салу жөнінде стратегиялық келісімге қол қойылды. Инвестиция көлемі - $1,5 млрд.
Есіл ауданында бидайды өңдеу және жем өндіру зауыттарын, сондай-ақ элеватор мен құрама жем зауытын салу жоспарланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.12.2025, 19:22 33246
Қазақстан АӨК-тегі қайта өңделген өнімдер экспортын ұлғайтуда
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өңдеу өнеркәсібін дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды. Онда өнеркәсіп және құрылыс, энергетика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, жасанды интеллект және цифрлық даму министрлері атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Сондай-ақ Қостанай, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері тыңдалды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Өз кезегінде ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров салада осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, тамақ өнімдері өндірісі тұрақты өсім көрсетуде. Осы жылдың 10 айында ол 3,1 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,1%-ға артқан. Жыл соңына дейінгі жоспар - 9,3%.
Тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға салынған инвестициялар 60%-ға өсіп, 225 млрд теңгені құраған. Қайта өңделген өнімдердің экспорты бойынша да оң динамика байқалады. Осы жылдың 9 айында экспорт көлемі $2,5 млрд құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32,4%-ға артты. Өсімнің едәуір бөлігін ұн және май өндірісі салалары қамтамасыз етуде. Аталған кезеңде ұн өндірісі 2,8 млн тоннаға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7%-ға ұлғайды, өсімдік майы - 21,7%-ға өсіп, 726 мың тонны құрады, сүт өндірісі - 4,7%-ға өсіп, 550 мың тоннаға жетті, жарма 10%-ға, шұжық өнімдері 7,8%-ға өсті", - деді министр.
Сондай-ақ саланы ынталандыру шаралары қабылдануда. Мәселен, қайта өңдеу саласы Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі бойынша жылдық 2,5% мөлшерлемемен несиелендірілетін бағыттар тізбесіне енгізілді. 2024 жылдан бері айналым қаражатын толықтыруға 5%-дық жеңілдетілген несие беріліп, 12 кәсіпорын 35 млрд теңгеге қаржыландырылған. Биыл 44,3 млрд теңге бөлініп, шамамен 100 кәсіпорын қамтылды. Келесі жылы қаржыландыру көлемін 1,5 есеге ұлғайту жоспарлануда.
Инвестиция тарту мақсатында инвестор шығындарын өтеу үлесі арттырылды. Экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша жедел штаб шеңберінде ірі кәсіпорындардың тізбесі қалыптастырылды. Олардың өндіріс көлемдеріне ай сайын мониторинг жүргізіліп, проблемалық мәселелер мен өсім резервтері айқындалуда. Осы аталған шараларды жүзеге асыру Ұлттық даму жоспарында бекітілген тауарлар бойынша 2024 жылы қайта өңдеген өнім үлесін 40%-дың орынына 50%-ға жеткізуге мүмкіндік берді. Биыл оны 55%-ға арттыру күтілуде", - деді ол.
Оның айтуынша, астықты терең өңдеуге де ерекше назар аударылуда. Бүгінгі күні жылына 510 мың тонна қуаттылығы бар 3 кәсіпорын жұмыс істеуде. Өнім ассортименті: крахмал, глютен, патока, биоэтанол. 2028 жылға дейін бидай мен жүгеріні өңдеуге арналған қуаттылығы жылына 4,8 млн тонна болатын 5 ірі жобаны іске қосу жоспарлануда. Салаға салынатын инвестициялар көлемі - $2,6 млрд құрайтын болады, нәтижесінде 3,3 мың жаңа жұмыс орны құрылады. Өнім ассортиментері аминқышқылдар, сироптар және витаминдермен кеңейтіледі.
Инновациялық өндірістерді шикізатпен қамтамасыз ету мәселесі жүгерінің егіс алқаптарын кеңейтуді көздейтін әртараптандыру шаралары шеңберінде жүзеге асырылады. Қайта өңделген өнім үлесін арттыру мақсатында инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Биыл жалпы сомасы 108,5 млрд теңгені құрайтын 40 жоба пысықталды, оның ішінде 29 жобасы іске қосылды. Іске қосылған жобалар майлы дақылдарды, ет, жеміс, жүн өңдеу, құрама жем өндірісін және өзге де бағыттарды қамтиды.
2026 жылы жалпы сомасы 394 млрд теңгені құрайтын 50 жобаны жүзеге асыру және 2,5 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Соның ішінде 6 ірі жобаға тоқталғым келеді. Жамбыл облысында "Fufeng Group" жобасының бірінші кезеңінде 300 мың тонна жүгеріні терең өңдеу жоспарлануда. Алматы облысында "Fruit Art" компаниясы 25 мың тонна жеміс-жидектерді өңдеу бойынша үшінші кезеңің жүзеге асырады, "Шин-Лайн" балмұздақ өндірісін 35 мың тоннаға дейін ұлғайтады және "Қапшағай Бидай Өнімдері" жобасы 250 мың тонна шамасында астық және майлы дақылдарды өңдейді. Қостанай облысында "Баян Сұлу" кондитерлік өнімдер өндірісін 13 мың тоннаға арттырады. Абай облысында "Eurasia Agro Semey" 7,2 мың тонна шұжық өнімдерінің өндірісін іске қосады.
Ал 2027 жылы жалпы сомасы 874,3 млрд теңге болатын 26 жобаны жүзеге асыру және 3,5 мыңнан астам жұмыс орнын құру көзделуде. Соның ішінде 6 ірі жобаға тоқталғым келеді. Олар - Астана қаласында 250 мың тонна бидай және 80 мың тонна бұршақ өңдейтін "Tiryaki Holding" жобасы, Ақмола облысында жылына 1,0 млн тонна бидай өңдейтін "Dalian Hesheng Holding Group" жобасы және 1,0 млн дана жұмыртқаны терең өңдеу бойынша "KazEggs" компаниясы, Алматы облысында 210 мың тонна картоп өңдейтін "PepsiCo" жобасы және 150 мың тонна мал және өсімдік өнімдерін өңдеу бойынша "Mars" жобасы", - деді Айдарбек Сапаров.
Сонымен қатар, "UBM Group" компаниясының 2 жобасы іске асырылуда. Олар - Қостанай облысында 100 мың тонна құрама жем өндірісі және Алматы облысында 48 мың тонна қоспа өндірісі. 2027 жылғы ірі жобаларды жүзеге асыру қосылған құны жоғары өнімдер өндірісін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.
Ал цифрлық технологияларды енгізу мәселесі бойынша бүгінгі күні 648 кәсіпорын цифрлық құралдарды қолдануда, оның ішінде қайта өңдеу саласындағы 105 жүйеқұраушы кәсіпорын бар. Олар - Биооперейшн, Kazbeef, Бижан, Масло-дел, Кублей, Зенченко және тағы басқалар. Цифрландыру операциялық тізбектің сатып алу, қайта өңдеу, логистика, дистрибьюция және сату сынды барлық негізгі буындарын қамтиды, бұл өнім қозғалысы процестерін оңтайландыруға және өндірістің барлық кезеңдерінде жоғары деңгейдегі бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Министр "E-АПК" бірыңғай платформасы аясында цифрлық технологияларды енгізу жұмысы жалғастырыла беретінін айтты. Аталған платформа субсидиялау, жер ресурстарын басқару, егін мен мал шаруашылығы және қайта өңдеу өнімдерінің қадағалануын бірыңғай цифрлық контурда біріктіреді. Жүйеге жасанды интеллект элементтері де енгізілетін болады. Сала тиімділігін одан әрі арттыру мақсатында цифрландыруды жұмыстары одан әрі жалғаспақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
05.12.2025, 02:52Қазақстан диалогты нығайтуды және ЕҚЫҰ-ның негізін қалаушы қағидаттарын ұстануды жақтады 05.12.2025, 08:57 23826Қазақстан СІМ басшысы ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді05.12.2025, 09:01 23561Венада Орталық Азия және Солтүстік Еуропа елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті05.12.2025, 10:04 23316Қазақстан Сыртқы істер министрі ЕҚЫҰ басшылығымен кездесулер өткізді05.12.2025, 16:59 14696Туризм және серіктестік: Қазақстан Финляндияда өз мүмкіндіктерін таныстырды
01.12.2025, 12:48 73486Сианьдағы Қазақстанның Бас консулдығы өңіраралық инвестициялық ынтымақтастықтың нығаюына белсенді ат салысуда01.12.2025, 15:43 72666Мемлекет басшысы Румыния Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады01.12.2025, 14:38 72311Астана мен Сеул зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда01.12.2025, 13:34 72296Қазақстан - Дания ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілуде30.11.2025, 09:19 68631Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылға байланысты Қазақстан наразылық білдірді
13.11.2025, 17:40 176431Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Касымалиев Астанада Үкіметаралық кеңестің 13-ші отырысын өткізді13.11.2025, 23:28 174656Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге хат жолдады10.11.2025, 21:56 151656Алматыда бұрынғы президент резиденциясының орнында жаңа саябақ ашылды19.11.2025, 16:26 146181Президент Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады20.11.2025, 15:30 145851Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші - Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдады

